- 04 нау. 2024 23:45
- 237
Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар» тарауын қорытындылау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан - жақты дамуын, оның ой, іс - әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.
Дамыту: Ой - өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын, қабілетін.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Ойын, сайыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Тракторлар мен автомобильдер (І курс), агрономия негіздері (І курс), қазақ тілі мен әдебиеті (І курс).
Сабақтың көрнекілігі: Ауыл шаруашылығы машиналарының макеттері, сызба плакаттар, буклеттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу, оқу - құралдарын тексеру. Сабақтың түрі мен мақсатын хабарлау.
ІІ. Тарауды бекіту бөлімі. Сабақты бастамас бұрын топ оқушылары осы тарау бойынша өтілген алты ауыл шаруашылығы машинасына сәйкес алты топқа бөлінеді. Олар мыналар: әр топтың аты, ұраны, таңбасы болады.
Бірінші топтың аты «Соқа», ұраны: «Қиясына шығып ойдың, алға таудай талап қойдым». Екінші топтың аты «Сыдыра жыртқыш», ұраны: «Өнеріммен өрге жүзем, еңбегіммен өмір сүрем».
Үшінші топтың аты «Тырма», ұраны: «Еңбектенем ер атанып, алға басам әлем танып».
Төртінші топтың аты «Нығыздауыш», ұраны: «Біз жалынды жастармыз, білімге жол бастаймыз».
Бесінші топтың аты «Өңдеуіш», ұраны: «Еңбек етсем еселі. Оңға ісім өседі».
Алтыншы топтың аты «Тегістеуіш». Ұраны: «Ізденістен ілгері іске». Бұл жарыс тапсырмаларына топтағы барлық оқушы қатысуға тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек. Ол кезде сұраққа жауап берген топтарға бір ұпай қосылып отырады.
Жарыс сабағының жалпы ұраны «Біліміңе, білім қос».
Сабақ өлеңмен басталады. Сонда әрбір машинаның атқаратын қызметі аталып өтіледі.
Топырақты жыртуға,
Алғаш «Соқа» келіпті.
Кесектерін бұзуға,
Артынша оның аптығып,
«Сыдыра жыртқыш» жетіпті.
Кесектерін мейлінше,
Ұсақтауға арналған,
«Тырмалардың» көп тісі,
Топыраққа дөп түсті.
Ылғал керек жетерлік,
Тұқым өніп көктеуге,
Буы ұшып жер асты,
Көкке дейін кетпеуге,
Топырақты таптайтын,
«Нығыздауыш» бар дайын.
Дән себердің алдында,
«Өңдеуіштер» қолайлы,
Топырақты майдалап,
Ұсақтауға оңтайлы.
Егін егер алаңды,
Жоспарлауға арналған,
Ойпаң - қырат жерлерді,
Машина бар арнайы,
Тегістеуге арналған.
Бірі қалмай жолынан,
Тұқым себер алдында,
Топырақты өңдеуге,
Жайылымды жөндеуге,
Трактордың соңынан,
Жегілетін жарамды,
Машиналар осылар.
Ал, қанекей қырандар,
Тракторға қоныңдар!
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 кәсіптік лицейінің арнаулы пән оқытушысы:
Шолпан Балманова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.