- 05 нау. 2024 02:24
- 145
Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары
М. Әуезов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Г.И.Кусайнова
Шеберлік сыныбы
Жас мамандарға тәлімгерлік
Тақырыбы: «Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары»
Деңгейлік оқыту бағдарламасының мазмұны сындарлы оқыту теориясына негізделген. Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойларын дамыту - олардың бұрынғы алған білімдерімен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек-көздерінен, мұғалімнен оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымдамаға негізделеді.
Сындарлық теориясына негізделген оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқушы сабақта алған білімін топтық талқылау, топтағы бірлескен іс - әрекет барысында қолдануға дағдыланғанда ғана, оны өмірде де пайдалана алады. Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным Құрастырылған (конструктивтік) білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу - үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды.
Шағын топтық жұмыстар оқушыларда бірлік, бірегейлік (корпоративтік) сезімдерін қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға қатысы бар екендігін аңғартады. Ал бірлесе көтерген жүк жеңіл екендігі баршаға аян, ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады. Топтық жұмыс үйренушілерде ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады. Оқушылар өмірде «Мен» қағидасынан гөрі «Біз» тұжырымының анағұрлым пайдалы екендігін аңғарады.
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқытушы мынандай мақсаттарға жетеді:
- үйрену үрдісінде қатысушылардың әрқайсысы бір - бірімен жеке қарым - қатынас орнатады;
- үйренушілер туындаған өзіне деген сенімсіздік пен қобалжудан қорқыныштан, жасқаншақтықтан арылады;
- әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға, көрсете білуге жағдай жасалады;
- үйренушілер арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;
- үйренушілер топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылдық қағидаларды ұстанады.
Топтық жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі келесі әрекеттер барысында артады:
Берілген тапсырма топтың барлық қатысушыларына қызықты болуы керек.
Тапсырма барлық оқушылардың мүдделеріне сәйкес келіп, оларда бірлескен жұмысқа деген ынта тудыру керек.
Топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек.
Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін айқындап, нақты уақыт белгілеу керек.
Тапсырманы топқа бөлінбей тұрып берген дұрыс.
Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап, немесе ол туралы есеп беру қадағаланады.
Топтарда тиімді жұмыс жасау үшін сынып бөлмесі үйренушілердің еркін түрде қозғалып, жүріп, тұруына қолайлы болуы керек. Әр сабақта оқушылар шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі мүмкін, сол себепті парталардың арасында ашық орындар қалдырып, жұмыс тақтасы да әр оқушыға көрініп тұруын ескерген жөн.
Сыныптағы парталарды топтарға бөліп орналастырудың да көптеген тәсілдері бар. Ол түмендегі суреттерде көрсетілген:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.