Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тоқу техникасы. Эскиз керекті құрал-жабдықтар қауіпсіздік ережесі
Сабақтың тақырыбы: 1. Практикалық жұмыс №3 Тоқу техникасы.
2. Практикалық жұмыс №4 Эскиз керекті құрал - жабдықтар қауіпсіздік ережесі.
Сабақтың мақсаты: Бисермен жұмыс істеу техникасымен таныстыру.
Сабақтың міндеті: 1) Техника қауіпсіздігін сақтай отырып тоқу технологиясын меңгерту.
2) Эстетикалық талғамын арттыра отырып ұқыптылыққа, ептілікке, икемділікке, енбек тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
3) Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру отырып, шығармашылыққа баулу арқылы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: аралас
Сабақ әдісі: практикалық
Сабақ көрнекілігі: дайын бұйым үлгілері
Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу,
Құрал - жабдықтарын тексеру
Техникалық қауіпсіздігін еске салу. III. Блиц сұрақтар.
1. Бисер дегеніміз не? (ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер немесе пластмассадан, әйнектен жасалған түрлі түсті ұсақ моншақтар)
2. Бисердің отаны? (Ежелгі Египет)
3. «Бисер» сөзі қай тілден шыққан? (араб сөзі «бусра»)
4. Бусра қандай мағынаны береді? (жасанды маржан)
5. Бисерлер құрамына қарай қалай бөлінеді?(шыныдан және металдан жасалған)
6. Бисерлер өңделуіне қарай қалай аталады? (тұтас боялған, шаңдатылған, күңгірт не құбылмалы түсті)
7. Бисердің шығу тарихы неге байланысты? (әйнектің шығу тарихымен тікелей байланысты)
8. Әйнек дайындаудың ең алғаш құпиясын ашқан ел? (Финикия)
9. Стеклярус қандай сумоншақ? (ұзындығы 3мм шыны түтікше тәріздес сумоншақ түрлері)
10. Стеклярустың бисерден айырмашылығы неде? (Ол түтікше тәріздес қырлы) 11. Ең алғаш стеклярусты қай ел шығарды? (Франция)
12. Бисерді түріне қарап қалай бөледі? (қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, Богем және Шарлот)
13. Бисермен тоқуда қандай жіптер қолданылады? (лавсан, леска – қармақ жіп жә

ІІ Жаңа сабақ.
І Кіріспе нұсқау Бисердің шығу тарихы: Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар.

Жұмыс барысы Техникалық қауіпсіздігін еске түсіру. Нұсқаупен таныстыру. Эскизін салып алу.

Керекті құрал - жабдықтар: бисер, сым, қайшы, мата бөлшегі, жұмыс қорапшасы, гүлге арналған ыдыс, гипс, сәндік тастар.

ІІ Ағымды нұсқау.
Бисер өрудің өру техникасын зерделеу. (25 - кесте)
Ұзындығы 25 см болатын сым дайындап алу.
Сымға 7 бисер тізу және сым соңынан 5 - 7 см қалдырып шалу жасап бұрау
0, 8 - 1см қалдырып, осындай тағы бір шалу жасау.
Соңғы ұшына 5 - 7см бос сым қалдырып, осы ретпен бірнеше шалу жасау (міндетті түрде тақ санда дайындалу керек).
Әрі қарай сымның ұшын орталық шалуға ию және ұштарын бір - бірімен жалғау.
Бұтақтарды дайындап алғаннан кейін құрастыруға кірісу. Бір - бірімен жалғап, 10 - 12 бұтақты шоқтап алу.
Қатты негіздің айналасына бұтақтарды жинау.
Ағаш діңі табиғи көрінуі үшін діңді таспамен орап тастау.
Гипстің көмегімен ағашты белгілі бір пішінде қатыру, соңынан оны сәндік тастармен көркемдеу.
Ескерту: Қатты зат ретінде арнайы металл таяқшаны алу. Ондай металл таяқша табылмаған жағдайда қарындаш немесе табылған ұзындау ағашты пайдалану. Оған бұтақ шоғырларын бекітсе, ағаш пішіні шығады.

ІІІ Қорытынды нұсқау
Әр оқушымен жеке жұмыс жүргізу.
Бисермен жұмыс жасау кезінде жарықтың дұрыс түсуін қадағалау.
Санитарлық - гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау.
Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Жұмысты үй жағдайында жалғастыру.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі Еркебаева Жанар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама