Photo: Styves Exantus (https://www.pexels.com/@styves-exantus-7162424) / Pexels
- 08 ақп. 2026 06:01
- 11
Төрехан Сабырхан халықаралық додада топ жарды
Төрехан Сабырхан халықаралық додада топ жарды
Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жеңіске жетті. Бұл жайлы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыстың финалында Төрехан Сабырхан үндістандық Дипакпен кездесті. World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Төрехан Сабырхан төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Жекпе-жек қалай өрбіді?
Алғашқы раундта Төрехан 0:5 есебімен ұтылып қалды. Алайда, екінші және үшінші раундтарда қарсыласына қарсы қысым жасап, жанкүйерлердің қолдауына ие болды. Бұл жеңіс Төрехан Сабырхан үшін 2026 жылғы алғашқы алтын медалі болды.
Төреханның жетістіктері
Төрехан Сабырхан – Қазақстанның ең танымал жас боксшыларының бірі. Ол 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ, 2024 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды. Жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы.
Дипак жайлы не білеміз?
Үндістандық Дипак – 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол «Алыптарды жеңуші» деген лақап атқа ие болған. Себебі 2021 жылы Кубок Странджа турнирінде Олимпиада чемпионы Шахобидин Зоировты жеңді. 2023 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосыновтан басым түсті.