Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Төрт жыл бұрын үйленген екен»: Айдана Меденова жолдасы туралы құпияны ашты

Белгілі әнші Айдана Меденова жұбайы Алишер екеуінің отбасылық өмірі туралы бұрын көпшілікке беймәлім жайттарды ақтарды. Әншінің айтуынша, жолдасымен танысқанда ол бойдақ болған, бірақ бұрын үйленіп, ажырасқан және екі баласы бар екенін кейін білген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отбасылық жағдай туралы ашық айтты

Айдана Меденова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бұл жайтты қалай шешкенін баяндады. Жігіттің бұрынғы некесі мен балалары бар екенін білгенде, әншінің өзінде де сұрақтар туындапты. Алайда, әкесімен ақылдасқаннан кейін, оның қолдауымен Алишерге тұрмысқа шығуға шешім қабылдаған.

«Мен Алишермен танысқанда ол бойдақ еді, өзімен-өзі жүрген жігіт болды. Төрт жыл бұрын үйленген екен, бірақ айырылысып кеткен. Сол кезде оның екі баласы бар екенін білдім. Әрине, менде де сұрақтар болды: “Қалай болады? Керек пе, керек емес пе?” деп ойландым. Сосын әкеме хабарласып, бәрін ашық айттым. “Осындай жігіт бар. Ой-ниеті салмақты, өзіме ұнайды. Жақсы адам. Бірақ екі баласы бар” дедім. Әкем: “Ұнатып тұрсаң, неге болмасқа? Неге тұрмысқа шықпасқа?” деді», – деп еске алды әнші.

Сыйластыққа негізделген қарым-қатынас

Бүгінде Айдана Меденова мен Алишердің отбасылық өмірі сыйластық пен түсіністікке құрылған. Әншінің айтуынша, күйеуінің ата-анасы мен бірінші әйелі де өте салиқалы жандар. Олардың арасында ешқандай келіспеушілік жоқ, тіпті Алишердің бірінші жарымен де жақсы қарым-қатынаста екенін айтып өтті.

«Маған Алла солай нәсіп етті. Ата-енем де, күйеуімнің бірінші жары да өте парасатты, саналы адамдар. Ешқандай интрига жоқ. Бәріне шүкір деймін. Алишердің бірінші жұбайымен де араласып тұрамыз», – деді Меденова.

Жаңалықтар

Жарнама