Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Төрт теңге

Күн ыстықта Әбдіжаппар би кызметшісі Әпендіні ертіп иелігін аралап жүреді. Алдарынан бір үлкен арық кез болып, би шомылмақ болады:

— Жағада отырып менің киімімді қарайла, — дейді.

Әрине, Әпендінің де салқын суға түсіп, рақатқа батқысы келеді, бірақ қаһарлы байды тыңдамай болмайды ғой. Әбдіжаппар бай құмарынан шыққанша шомылып, жағаға әзер дегенде шығады.

Бай киініп жатқанда Әпенді:

— Тақсыр, сіздің қалтаңыздағы ақша таусылып қалды, — дейді.

— Әй, не деп көкіп тұрсың? — деп ашуланады бай. — Менің ақшамда не әкеңнің құны бар еді?

— Ғафу етіңіз, сіз сүңгіп кеткенде, мен суға батып кеттіңіз бе деп қорқып кеттім. Сосын өтіп бара жатқан бір жігітке бір теңгені ұстаттым да, «ауылдан көмек шақыр», — дедім.

— Әмиянда төрт алтын ақша бар еді ғой. Қалған үшеуі қайда?

— Кешіріңіз, сіз судан аман-есен шыға келген соң, мен екінші бір жігітті бірінші жігітті тоқтатуға жібердім. Екінші жігітке де бір теңге бердім.

— Қарғыс атсын, ал қалған екі теңге кайда?

— Сіз батып кетсеңіз, құдайы берем деп, ал аман қалсаңыз, мешіт салуға қосам деп ант-су ішіп едім.

— Ал соңғы теңге қайда?

— Мен сізбен осында әуре-сарсаңға түсіп жүргенде, бір теңге табатын уақытым болды ғой деп, сіздің қалтаңызда ұстап отырмын, — депті Қожа.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама