Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Trafficlight -  Бағдаршам
Мақсаты:
Білімділік: өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру;
сөздік қорын молайту;
Дамытушылық: балаларда логикалық ойлау мен зейінді дамыту;
тақырып арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: жол ережелері жайлы мағлұматтар айту;
түстердің түрлерімен таныстыру;
жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру.
Қажетті құрал - жабдықтар: Қолдан жасалынған бағдаршам, әр түсті (қызыл - red, жасыл - green, сары - yellow) дөңгелектер немесе текшелер (кубиктер).

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Stand up!
- Stand strait!
- Good morning children.
- I’m glad to see you.
2. Жаңа тақырыпты хабарлау кезеңі
Now children let’s begin our lesson.
Балалар, бүгін біз бағдаршам туралы айтамыз. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам дегеніміз (от свет и φορός — «несущий») — адамдардың, велосипедтердің, автомашиналардың, темір жол пойыздардың, суда жүзетін қайықтар мен кемелерге арналған оптикалық сигнал беру құрылғысы.
Бағдаршам ағылшын тілінде Trafficlight деп аталады. Бағдаршам 3 түстен тұрады: қызыл, сары, жасыл.
Қызыл – red
Сары – yellow
Жасыл - green

The yellow says “wait”,
The red says “stop”.
The green says “go”,
Now, do so!
Бағдаршам жайлы суреттер көрсетіп, түсіндіру.

Сергіту сәті.
«Бағдаршам» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Түстер туралы, жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру
Ойын мазмұны: Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім бағдаршам туралы әңгіме өткізіп, әр түстің атқаратын қызметін, орнын анықтайды. Оқушыларға текшелер не дөңгелектер таратылып беріледі.
Оқытушы «Тоқта - Stop» дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді (текшені), «Дайындал - wait» дегенде сары дөңгелекті (текшені), «Жүр - Go» дегенде жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді. Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге болады.
Мұғалім «Жасыл - green» түсті көрсеткенде оқушылар орындарынан тұрып, жүрген қимыл көрсетеді. «Сары - yellow» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды. «Қызыл - red» түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады.
Тақтаға екі оқушы шығарылады. Біреуі бағдаршам түсін көрсетіп, оны атайды, ал екіншісі команданы орындайды.
А rainbow
Red, and yellow,
And ping, and green,
Purple, and orange, and blue.
I can sing a rainbow,
Sing a rainbow, too.

- The lesson is over.
- Good bye children.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама