Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тəуелсіздік тарту еткен Елбасы

Адам мəңгі жасамайды,мəңгі жасайтын оның ісі.

Н.Ə.Назарбаев

Қазақстан-Тəуелсіздіктің жемісі.Дəл осы кең байтақ қазақ жерінде,қазақ ұлтында дүниеге келгеніме шүкіршілік етемін,əрі мақтан тұтамын.Біздің ел өз алдына бірлігі жарасқан,тəуелсіз тату ел.Осы тəуелсіздік үшін күресте батырларымыз,аға-əпкелеріміз,біз үшін қандарын төгіп ерлік етсе де,тəуелсіздік ала алмады.Біз тəуелсіздікті көп күттік,армандадық. Көп жылдар бойы аңсаған  арманымыз,1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды.Осы күні біздің тұңғыш елбасымыз Н.Ə.Назарбаев сайланды. Осылайша,16 желтоқсан күні өз тəуелсіздігімізге ие болдық.Бұл күн тəуелсіздікті жылдар бойы көптен күткен,қазақ елі үшін,үлкен қуаныш,бақыт болды.Міне,содан бері еліміз біршама жылды артқа тастап,Қазақстанымыз əлемге танылды.

Еліміз күнен-күнге дамып келеді.Бұның барлығы елбасымыздын салихалы саясатының арқасы деп білемін.Менің ойымша,Қазақстанның қазіргі деңгейге жеткені елбасымыздың еңбегінің жемісі.Тəуелсіздік жылдарында Астана қаласы қалай бой көтерді?Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін қаңдай жолдардан өтті?Осы сұрақтарға жауап бере отырып,өз көзқарасымды дəлелдейін.

Біріншіден; Елбасымыз Астанаға жаңа тыныс берді.Аз жыл ішінде Астанамызды көркейтіп,жаңа заманауи қалалар қатарына енгізді.Үлкен зəулім ғимараттар салынды.Атап айтсақ,《Бəйтерек пен Пирамида》сияқты ұлттық рухты насихаттайтын кешендердің əдемілігі əлем елдеріне танымал болды. 1990 жылы Юнеска шешімімен 《Əлем 》 атануы,2012 жылы ТМД елдерінің 《Мəдени Астанасы》құрметіне ие болуы-Астана қаласының басты игіліктерінің бірі.Сонымен қатар,барлық елді өзіне тамсандырған,《Экпо-2017》көрмесі туралы қалай айтпайсың? Халықаралық көрменің Астана қаласында өтуі,бас қаламыздың жемісінің бір көрінісі емеспе?! Бас қаламыздың ,осындай жоғары деңгейде дамуы,əрине Елбасы мен тəуелсіз қазақ елінің арқасында деп ойлаймын.

Екіншіден; Қазақстан дамыған елдің қатарына кіру үшін қаңдай жолдардан өтті? Бұл да Елбасымыздың 《 Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру》бағдарламасының жүзеге асуы.Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз? Білім алу бағыты бойынша,100 мыңдаған студент сапалы білім  алады. Отанымызды жас ұрпаққа насихаттай отырып,олардың жастайынан туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсеміз.Еліміз бай-қуатты болып,жаңа жаһандану жолына түседі.Бұл бағдарламаның мақсаты да осы деп білемін.

Ойымды қортындылай келе,Қазақстан-тəуелсіздіктің,елбасының жемісі екендігіне толықтай  келісемін.Жоғарыдағы дəлелдер,Қазақстанның бірнеше жылдар ішінде  халықаралық деңгейге көтерлігенің көрсетеді.Тыныш,бейбіт елде өмір сүріп жатқаным үшін Елбасыға айтар алғысым шексіз!Ғасырлап күткен азаттығымыз бен татулығымызды көздің қарашығындай сақтай білейік.

Қайыпқали Арайгүл Ерланқызы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама