- 18 қар. 2019 00:00
- 170
Туған жер
О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.Фариза Оңғарсынова
Өз шығармамды ақын анамыздың сөзімен бастағанды жөн көрдім. Өйткені, осынау өлең жолдары бүкіл сөзімнің түйіні .
Туған жер - адам өмірінде маңызды орын алады.Кіндік қаным тамған жер, мен аунаған алтын мекен. Туған жерімнің топырағы, суы мен ауасы,түтіні де қымбат. Туған жерім дүниедегі ең асылым. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер.
Менің туған жерім Жаңақала ауданы,Жаңақала ауылы. Жаңақала - киелі өлке.Осынау керемет жердің әсемдігімен ерекшелігі басым.Өйткені, бұл жердің емі басым жер,құмды дала,егісті алқап.Күн санап көркейіп,құлпырып келеді. Менің туған жерім, өскен өлкем-талай тарландар мен мықтыларды, батырлар мен билерді, әнші, күйші, ақындарды өмірге әкелген қасиетті Жаңақалам. Күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаның, Майталман Мәменнің, қайталанбас Қалидің, орны толмас Оқаптың, шандоз Шамғонның, текті Тұяқтың алтын ұясы, асыл мекені болған. "Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз, туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз"дегендей алтын мекендегі Соркөл атты тұзды,емді суға шипа іздеп жер-жерден халықтар ағылып келіп жатады. Таптырмас ем болар,тұзды батпақты да осы жерден табуға болады. Ал қазірде шам жағып іздесең де, дәл осындай мекенді табалмайсың.
Дәл осы елде шат-шадыман, уайымсыз, қайғысыз, балғын балалық шағымның әдемі сәттері өтуде.Бұл жерде үш үлкен мектеп пен бір үлкен оқу орыны жұмыс жасап отыр. Осы мектептің бірінде білімді балалар білім алса,енді бірінде орыс-қазақ балалары, ал бірінде тек қазақ балалары оқиды.Мектеп қабырғасымен қоштасып, үлкен оқу орынның есігін ашқан балаларды да оқытатын білім орны бар.Дарынды балаларды да дайындап оқытатын мектептердің саны артып келеді.Мен соның Жаңақала жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің 7 сыныбында оқимын. Мектеп қабырғасында жүріп,түрлі шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. «Күй ордасы» атанған киелі Жаңақала ауданының баласы бола тұра, домбыраны білмеген ұят шығар.Сол себеппен домбыра мектебіндегі ұстаздарымнан дәріс аламын.Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойынын,шахмат — ақыл-ой спорт түрін жаныма серік етіп келем.Ұстаздарымның нұсқауымен түрлі білім сайыстарына да түсем.Әсіресе математика бағытында жүргенді ұнатамын.Білім ордасын «үздік» бағамен аяқтап,өз жеріме адал қызмет етуді нағыз бақыт санаймын.Мен Елбасымыздың есімін еншілеппін.Бұл маған зор жауапкершілік артқандай.Сондықтан болашақта өз елімнің,өз жерімнің көшбасшысы,спорт өнерінің сұлтаны, елімнің Нұрсұлтаны болғым келеді. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі кеудемді жарған жыр шумақтары аузыма келіп тұрады.
Туған жерім,әдемі менің мекенім
Күллі әлемге мақтан етіп жүремін.
Жүрегімдегі махаббатпен жалынды
Тек өзіңе арнап қана жүремін.
Туған елге, туған жерге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен махаббатымды өзімнің өлеңіммен жеткіземін. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә.
Шығарма авторы:
Марат Нұрсұлтан Асылбек ұлы