Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Туған жерімнің табиғаты
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омурзакова Гулнур

Қазақ тілі 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Туған жерімнің табиғаты
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, Қазақ тілі 6 - сынып Т. М. Артыкова, А. С. Жаканбаева, Х. М. Толеуова.
Жалпы мақсаты: Тақырыпқа қатысты тапсырмалар, жаттығулар орындау. Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру, қазақша түсіну, сөйлесу деңгейлерін жоғарылату. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Жаңа сөздермен таныстыру, сөздік қорларын молайту. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижелері: Сауатты жазады, сауатты сөйлейтін болады. Сөздік қорлары молаяды, сөйлеу қабілеттері дамиды. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
Түйінді идеялары: Тапсырмалар орындау, сөйлемдер құрау, түсіндіру.
Ресурстар: Дәптер, кітап, бағалау парақшалары, қалпақтар, стикерлер, АКТ, постер.
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру.
Үйге берілген тапсырманы сұрап шығу.

Тіл жаттықтыру: «Қазақ тілін біз оқимыз,
Кілең бестік аламыз.
Бәрін миға біз тоқимыз
Бәрін жақсы ұғамыз!»

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Сыныпты түстер арқылы топқа бөлу. Алты топ болады.

Сөздік: айнала – кругом, жазықтар – равнины, сарқырап аққан бұлақ суы – журчащие воды родника, таң қаласың – удивляешься, әрбір – каждый, ыстық әрі қымбат – дороги, сені сағынамын – скучаю по тебе, көргенше асығамын - спешу увидеть, мамық – пушистый, көркейтуге көмектесемін – помогу процветанию.

Жаңа сөздермен бірнеше сөйлем құрастыру.
Мәтінді оқып, аудару. (Кітапта берілген мәтінді аударады)

Жіктік жалғауын тауып, қай сөзге жалғанғанын айтыңдар.
Үлгі: таң қаласың – жіктік жалғауының ІІ жағы.

Сұрақтарды қазақ тіліне аударып, бір - біріңмен өзара сөйлесіңдер.
Как называется твоя родина? – Сенің Отаның қалай аталады?
Где ты родился? – Сен қайда тудың?
Твоя родина красивая? – Сенің отаның әдемі ме?
Какие озера, реки, горы есть у тебя на родине? – Сенің Отаныңда қандай өзен, көлдер, таулар бар?
Какие птицы, звери обитают на твоей земле? – Сенің жеріңде қандай құстар, аңдар мекендейді?
Чем тебе дорога родная земля? – Саған туған жерің несімен қымбат?

«6 қалпақ» ойыны. Әр топқа екі қалпақтан үлестіріліп беріледі. Қалпақтардың түсіне байланысты өз қызметтері болады. Әр топ сол қызметке байланысты тақырыптың мәнін ашып береді. Қазақстанның көрікті жерлері слайд арқылы көрсетіледі. Соған байланысты әр топ қалпақтың қызметіне қарай постер қорғайды.

Рефлексия: оқушылар смайлдар арқылы сабақты қай деңгейде түсінгендерін көрсетеді.

Қосымша тапсырмалар: 3 - тап. 97 - бет. Мақал - мәтелдерді жаттау, сөздік жаттау.
Бағалау: Формативті және суммативті.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама