- 22 қаң. 2020 00:00
- 257
Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін
Туған жерін сүйе алмауы дегеніміз, меніңше адам баласы дүниеге шыр етіп түскен жерінен бастап, өсіп- өнген, жүрген ортасын ұмытып, туған елін, өзі жетіліп толғандай болған адами қасиеттен жұрдай адамдарды айтуымызға болады. Нақтырақ айтсақ, өз елін ұмытып қана қоймай, тілін, дінін, салт- дәстүрімен әдет- ғұрпын, халықтық дәстүрге сай ырым- жоралғыларын білмейді.Сондай адамдардан өз Отанына жаны ашымай, ұлтараздықты қоздырып , іріткі салатын ойларды айту –адамдық іс емес екенін айта аламыз. «Елінен безіп, елсізде өлгеннің, екі көзін қарға шұқиды» - демекші, белгісіз бір себептермен адасып, елін сатқан адамдар өзге елдерде де өмір сүре алмай ,өз қателіктерінен опық жеп жатқандар қаншама? Екі көзін қарға шұқуы , қарғаның қара ниеті құс екені, опасыз адамдарды бірден білетіні байқалады. Сонымен адамгершілік қасиеттен ада, яки өзінің ұлтын айтуға ұялатын, тіпті өзі туған ата- анасынан жеріп, тани алмауы, адамды есалаң, мәңгүрт етеді.
Әрбір адам баласы, туған жерін, туған ауылдың ауасын, туған өлке табиғатын, туған тілін сағынбайтын адам кемде- кем шығар. Мен туған жер, ақ төбенің баурайында орналасқан Ақтөбе қаласында тудым. Ақтөбе қаласы өзге өңірлерден өзгешелігі Елек өзенінің үстінде орналасқан. Қысы ақ түтек боран болса, күзі ақ жауынды нөсерелете жауатын, көктемі күн ылғалды, жазы қоңыр салқын болатын қала, мен үшін ең ыстық, ең қымбат атамекен болып келеді.Осы қалада мектеп қабырғасында болып, кейін өзім қалаған тілдің шебері болуы арманыммен оқу бітіріп, қазіргі балаларға жылылық мейірім төгетін ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тақырыптағы Жолдауында көрсетілген «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді» айтқандай, қазақ тілінің мәртебесін арттыруына кішкене болса да ықпал етіп, іскерлік кездесу тілі ретінде қолданылуына болашақ өскелең ұрпақты үйретуге атсалысудамын.
Туған жердің түтіні де ыстық демекші, туған өлкенің топырағын басып, жылуын сезіну, әрбір талымен көрікті, суымен мөлдір, саф, таза ауасымен бізді ерекше өзіне тартады. Ақтөбенің былтырғы жылы 150 жыл толуын тойлағаны, игі істер жасалып, қаланың көріктенуіне , аумағының өсуіне, мәдени орындардың көптеп ашылуы біз үшін үлкен әсер қалдырды. Туған жерлерде талай танымал жұлдыздар, елге танымал қоғам қайраткерлері келіп, өңірден шыққан белгілі кәсіпкерлер өздерінің жылы лебіздерімен қолұшын беруі халықты таңғалдырды. Сонымен бірге әлемге аты даусымен танылған Д. Құдайберген сияқты көзінде жастықтың оты бар, жастар жылымен тұспа-тұс келуі келуі, қаламызда өзінің жеке концертін беруі халыққа ерекше әсер етті.
Қорытындылай айтқанда «Мәңгілік елдің» қырандары бар, болашақта миллион халқы болатын мегаполис аймағы «Ақтөбеде» тұратыныма мақтаныш етемін, әлемге аты шығатынымызға кәміл сенемін.
Ақтөбе қаласы №61 жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серғазықызы Әсел