Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Туған күнге арналған тілектер

"Жақсы сөз — жарым ырыс" демекші, аталы сөзге тоқтап, сөз төркінін жүйелеп, астарын тереңнен түсіне білген қазақ жүрекжарды лебізін де зерделі сөзбен зерлеуге құмар. Осы мақалада топтастырған ақ тілектерімізді қабыл алыңыздар!  

<><><><><>

Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып — қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

<><><><><>

Туылған күнге қысқа тілектер 

 "Ағаш - тамырымен, адам — достарымен қымбат" деген, ендеше, достарың көп болсын.

<><><><><>

Келіннің қолынан шай ішкізіп, немере қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалататын күнге жеткізсін.

<><><><><>

"Бақыт деген досыңның - қабағында, жарынның — жанарында" дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер. 

<><><><><>

Көңіліңіз қартаймасын, құт-берекеңіз ешқашан ортаймасын.

<><><><><>

Өміріңізде жеңісті күндеріңіз көп болсын. Көңіліңіз көктемнің шуақты күніндей болып, жылы жүзіңізден күлкі кетпесін.

<><><><><><><><><><>

Сезіміңе берік болған барлық армандарың орындалсын. Келген күн жақсылығымен келіп, шуағына шомылдырсын.

<><><><><><><><><><>

Өміріңіз мәнді, шаңырағыңыз сәнді болғай. Дастарханыңыздан дәм-тұзыңыз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұлассын.

<><><><><><><><><><>

Туған күніңмен құттықтаймын! Денсаулық кетпесін, бақыт пен қуаныш әрқашан болсын. Сізге шексіз сәттілік, жылулық пен бейбітшілік тілеймін. Өмір тек оң сәттерді берсін, ал қамқоршы періште қиындықтар мен бақытсыздықтардан қорғасын.

<><><><><><><><><><>

Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген ұлкен белестің тайғақ жерінен таймай, сулы жерінебатпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспіз.

<><><><><><><><><><>

Туған күніңмен! Бақыт пен күлкі теңізі. Қойылған мақсаттарды іске асыруға Шабыт. Өмір өзінің әсемдігімен және болжамсыздығымен қуансын. Қуан әрбір күніне және бұл эмоцияларды басқадаға сыйла.

<><><><><><><><><><>

Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан  танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

<><><><><><><><><><>

Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың!
Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып – қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

<><><><><><><><><><>

Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

<><><><><><><><><><>

Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса!Өмірің ой-шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!

<><><><><><><><><><>

Туған күніңізбен құттықтаймын, барлық мақсаттарға жету үшін барлық жақсылықты, шабыт пен табандылықты тілеймін және барлық армандар орындалсын.

<><><><><><><><><><>

Қуаныш иесіне әлемдегі бар игі жақсылықтарды тілейміз. Алланың тарту еткен әр күні тек қуаныштардан тұрсын. Тәтті өмірдің бақытына кенеліп, бау-бақшадай көгеріп өсіп-өніп, бақытты да ұзақ өмір кешіңіз.    Бала-шаға бақытына бөленіңіз. Бір Алла жақ болсын, жүрген жолың әрдайым ақ болсын.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама