Photo: FWStudio (https://www.pexels.com/@fwstudio-33348) / Pexels
- 23 ақп. 2026 03:30
- 20
Түркістанда «өлі жандарға» жалақы жазған 14 адам сотталды
Түркістан облысында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты. Олар мемлекетке 583 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.
Тергеу деректері бойынша, 18 адамнан тұратын топ бірнеше жыл бойы 49 мектептің бюджетін тонап келген. Олар «өлі жандардың» атына жалақы аударып, қызметкерлердің айлығын негізсіз өсіріп көрсету арқылы аса ірі мөлшердегі қаражатты жымқырған.
Сот шешімімен 14 айыпталушы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Топтағы қалған төрт адамға рақымшылық жасалды. Мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелгені хабарланды.