dalanews.kz
- 10 мам. 2026 14:00
- 24
Түрмеден шықпай қойған желтоқсаншы Әркен Уақ туралы білесіз бе?
1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысып, кейіннен жаламен сотталып, тіпті түрмеден шығудан бас тартқан тарихи тұлға Әркен Уақ туралы білесіз бе? Ол – геолог-ғалым, Қайрат Рысқұлбеков оқыған институтта дәріс берген ұстаз.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түрмеге түсу себебі
Әркен Уақ 1987 жылы 8 жылға сотталады. Оның үстінен куәлік еткен адам – өзімен бірге жұмыс істеген, бірақ ешқашан араласпаған, тіпті сыйласпаған жан екен. Ол кездегі жағдайларға байланысты, ғалымды «ұйымдастырушы» деп айыптап, жала жабады.
Колымадағы азапты жылдар
Әркен Уақ Сібірдегі ең ауыр түрмелердің бірі саналатын Варлам Шаламовтың «Колымада» атты еңбегінде сипатталғандай, Колымадағы түрмеде отырады. Сол кездегі құқық қорғаушылардың араша түсуімен рақымшылыққа ілігу мүмкіндігі туындағанда, Әркен Уақ екі рет түрмеден шығудан бас тартады.
«Мен ешқандай әсіре ұлтшыл емеспін. Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырған жоқпын. Сондықтан мені толық ақтап, босатыңдар», – деп талап етеді Әркен Уақ.
Түрмедегі күрес және әділдік іздеу
Түрмеде Әркен Уаққа қастандық жасау әрекеттері де болады, бірақ ол олардың бәрінен аман шығады. Ол өзі сияқты жаламен сотталғандарға көмек қолын созып, арыз жазуға, құқықтарын қорғауға атсалысады. Кейіннен, естелігінде ол өзіне жала жапқан адамды кездестіргенде ұрып кеткенін жазған. «Сол түні мен бала сияқты ұйықтадым. Тұмсығын бұзуды әр сәт ойлаушы едім», – деп жазады ол.
Желтоқсан оқиғасын зерттеу
Түрмеден шыққан соң, Әркен Уақ Желтоқсан оқиғасын ғалым ретінде зерттеуге кіріседі. Архивтердегі қылмыстық істерді қарап, оқиға кезінде 4000-нан астам жастың қаза тапқанын анықтайды. Ол сондай-ақ, Назарбаевтың қазақ халқына жасаған геноциді туралы кітап жазып шығады. Әркен Уақ өмірін Желтоқсанның шындығы мен ақиқатын анықтауға арнаған.