Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Түстер және көңіл - күй
Сабақтың тақырыбы: Түстер және көңіл - күй.
Сабақтың білімділігі: Түстер реңктерін шығару.
Дамытушылығы: Оқушылардың байқағыштық қабілетін және түс реңктерін ажырату, шығару дағдысын дамыту.
Тәрбиелілігі: Жұмыс орнын ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілік: Түс спектрі. Нюансты түстер үлгілері.

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Бейнелеу жұмысы
5. Қорытындылау.
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушылардан бояулар түсі туралы не білетіні сұралады.
Түстер неше топқа бөлінеді?
1. Негізгі: қызыл, сары, көк
2. Қосымша түс негізгі түстердің қосындысы арқылы алынады.
3. Салқын: көк, жасыл, күлгін, көгілдір
4. Жылы: қызыл, сары, қызғылт сары, қоңыр, жасыл
5. Ахромат: ақ, қара
6. Хромат түстер: ақ пен қарадан басқа түстер.
7. Қарама қарсы түстер (контраст) – түс спектрінде аралығында 3 түс орналасқан екі түс.
Бұл мәлімет бастауыш сыныпта беріледі, оны барлық оқушы білуі тиіс.
Бүгінгі танысатынымыз:
8. Туыс түс – түс спектрінде қатар орналасқан 3 түстің реңктері: қызыл мен сары, сары мен жасыл, көкпен жасыл, қызыл мен жасыл.
9. Монохромат нюансты түс деп те айтылады, қанықтылығы мен ашықтығы әртүрлі болатын бір түстің реңктері.
Проблемалық сұрақ
Осы аталған түстерді біздің көңіл - күйімізге әсері бар ма? Қандай түстер бізге
жылылық сыйлайды?
Қандай түстер тыныштандырады?
Қандай түстер тәбетімізді ашады?
Қандай түстер көңіл - күйімізді мұңға бөлейді?
Қандай түстер тез шаршатады?
Қандай түстер ойға бөлейді, яғни арманға бөлейді?
Түсті қағаздарды көрсете отырып, бояулар қалай әсер ететінін оқушылармен бірге талдау.
Сонымен мынадай қорытындыға келдік.
Көңілді түстер: қызыл, сары, күрең қызыл, жасыл, көк
Көңілсіз түстер: суық түстердің қосындысы
Арманшыл түстер: жылы түстер мен суық тістердің солғын реңктері.
4. Бейнелеу жұмысы. Тапсырманы орындамас бұрын қылқаламмен жазу тәсілдерін еске түсіреміз: дақ, кірпіш, вальс, Ван Гог тәсілі және жаңбыр.
Вивальди « Шторм» музыкасын тыңдау. Сұрақ: осы музыка қандай сезім сыйлады? Буырқанған сезімді қандай мазокпен беруге болады?

1. Тапсырма: Түстерді таңда, алған әсеріңді бейнеле.
Бетховен «Лунная соната» музыкасын тыңдау.
2. Тапсырма: осы музыкаға тән бояулар үндестігін бейнеле.
4. Оқушылардың жұмысын тексеру. Бағалау.
5. Үйге тапсырма дәптерге жазылған мағлұматтарды қайталау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама