Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 04 сәу. 2026 13:30
- 32
Уәлибек Әбдірайымов Тұрсынбек Қабатовтың жоқтығына байланысты сахнада күлкілі жағдайды баяндады
«Шаншар» театрының бас директоры Уәлибек Әбдірайымовтың кезекті бір концертінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың не себепті көрінбей кеткені туралы айтқан сөздері көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Әдетте, сахнада әзілдерімен көрерменді күлдіріп жүретін Тұрсынбектің жоқтығы, тіпті оны іздеп табудың қиындығы туралы айтылған сөздер жұртты елең етті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрсынбектің жоқтығы жұмбаққа айналды
Уәлибек Әбдірайымовтың айтуынша, Тұрсынбек Қабатов бірнеше күн бойы көрінбей кеткен. Тіпті оның жақындары да оны таба алмай дал болған. Бұл жағдайды Уәлибек Әбдірайымов әзіл арасында айтқанымен, ішіндегі шындықтың қаншалықты ауыр екенін сездірді.
«Басына ота жасатқан...»
«Басында ота жасатқан. Іздейтін жерді іздейін десем, ол жақты іздеудің керегі жоқ екен. Содан екі күннен бері жоқ адамды табу мүмкін емесін айтқымыз келеді. Тұрсынбекті өз әйелі таппай отырғанда, мен қайдан табайын? Өмірде тірі болатын болса... білмеймін енді қайдан табарымызды. Бүгін сөйтіп концертке келмеді», - деп жеткізді Уәлибек Әбдірайымов.
Бұл сөздерден кейін желідегілер Тұрсынбек Қабатовтың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, түрлі пікірлер қалдыруда. Кейбіреулер «Тұрсынбектің қатындарында не жұмыстарың бар?» десе, енді біреулер «Уәкең әзілмен өлтірді» деп жазды.