Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Украина 30 күнге атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің АҚШ ұсынған 30 күндік атысты тоқтату туралы бастаманы қолдағанын растады. Бұл туралы ол өз үндеуінде хабарлады.

Зеленскийдің айтуынша, Украина мен АҚШ делегациялары Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізіп, Вашингтон Киевке уақытша бейбітшілік орнату туралы ұсыныс жасаған.

«Бұл тек зымырандар мен дрондардың шабуылын тоқтатуды ғана емес, Қара теңіздегі және барлық майдан шебіндегі атысты доғаруды да қамтиды. Украина бұл ұсынысты қабылдады. Біз бұны оң қадам деп санаймыз және оған дайынбыз. Енді АҚШ Ресейді осы келісімге көндіруі керек. Егер Мәскеу келіссе, онда 30 күндік тыныштық кезеңі басталады», – деді Зеленский.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында АҚШ-тың Украинаға әскери көмекті қайта қалпына келтіруге, барлау мәліметтерімен бөлісуге дайын екені айтылған. Зеленский Киевтің бейбітшілікке ұмтылатынын тағы да атап өтті.

Қазіргі уақытта бұл бастамаға Ресейдің қандай реакция білдіретіні белгісіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама