- 31 қаң. 2022 00:00
- 234
Ұл ұятымен, қыз қылығымен......
Шығармамның бастамасын дәл қазіргі түйіткілді сұрақтардың бірімен бастағым келіп тұр.Қазіргі қоғамдағы қазағымыздың қара домалақ жігіттерімен қаракөзді қыздарымыз қаншалықты өзгерген? Әрине,заман талабына сай өзгерген дұрыс.Әйтсе де,ұлдарымыз нағыз ел қорғайтын азамат екенін,ал қыздарымыз нәзік жанды екенін естен шығармаса деймін.
« Ұлтыңды тәрбиелеймін десең,қызыңды тәрбиеле» деген халық даналарының қанатты сөздерін назарға ала отырып,қыздарымыздың тәрбиесіне,жүріс-тұрысына ден қойып қарауымыз керек.Олай айтпағымның басты себебі қазіргі қыздарымыз шет елге еліктеп сән қуып кетті.Ал,ол біздің менталитетке қарама-қайшылық тудырады.Мейлі,тізбектеп шықсам өте көп оның қайсы бірін жыр етіп отырамын.
Ал,нағыз қазақ қыздары қандай болу керек? Қыз деген сөздің өзі тазалықтың,әсемдіктің,әдептіліктің,жан-жақты сұлулықтың символы.Қазір осындай көрікті символға жағымсыз пікірлер қалыптасып жатыр.Себебі қыздарымыз өз ұлтының сері жігіттеріне тұрмысқа шықпай,түрлі ұлт өкілдерімен сөз байласып жатыр.Бұндай жағдайдан бөлек қаншама мәселер шырмауықтай өрбіп жатыр.Қазақ қыздары бір колымен әлемді,екінші қолымен бесікті тербеткен.Сондай-ақ қазақ халқы қыз баласын ерекше құрметтеген,қызды жарты жұрттық деп сыйлап әрдайым төрден орын берген.Қыз баласының бойындағы міндеттерін айтпаса да,түсінікті екені айдан анық.
Қазақтың жігіттері қандай болғаны абзал?Әрбір қазақ жігіттерінің бойында алып батырлардың күші,қырандай талмас қанаттары,нардай төзімділік,елін,жерін қорғайтын сондай-ақ әрбір қазақ жалғызым дейтін ұстанымды ұстануы шарт.Әрбір азамат досына адал,дұшпанына қатал болғаны жөн.Осыған орай бастаған істерін аяғына дейін жеткізу шарт,жауапкершілікті өз мойындарына ала білуі де маңызды.Қазіргі жас жеткіншек болашақтың кепілі екендігін естен шығармайық.....Әйтсе де,қоғамның ащы шындығы ұлдарымыз майдаланып кеткен,айтқан сөздерінің жеңілденіп кеткені жайлы түрлі кері байланыстар болып отыр.Бұндай мәселелер елімізді елең етіп тұр.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіндемесі:ұлттың ұлт екенін дәлелдейтін асыл салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып,елдігімізді түзеулейік.Ізгі дәстүрлерімізді ескірген деп қолданыстан шығармай,заманға сай келетінін таңдап,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбилеу ата-ананың және ұстаздың міндеті.