Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің
Бейнелеу өнері және технология, сызу пәндерінің мұғалімі
Балмұханов Нұрболат

Тақырыбы: Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Сабақтың мақсаты: жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Дамытушылық: ұлттық өнер жайлы білімдерін жүйелеп, шығармашылық қиялын арттыру. Шеберлігінің ұшталуы, ойлаған мақсатына жету;
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке үйрету және өз бетінше жұмысқа ептілік деңгейін көтеруге баулу.
Көрнекіліктер: технологиялық карта, суреттер.
Құрал – жабдықтар: ағаш бөліктер, штанген - циркуль, лак, ара, бояулар, СТД – 120 ағаш жону станогі.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.
Сабақтың барысы:.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, олардың арнайы киіміне көңіл бөлу, сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды, жұмыс орнын дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін тест арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ас – адамның арқауы» дегендей, ас дайындауға арналған ас үй жабдықтарын экологиялық таза материалдардан шеберлер сапалы да әдемі түрде жасайды.
Біз бүгін ас үй жабдықтарын жасап үйренеміз. Оны жасау үшін онша қиын емес, бірақ ынта - ықылас, ептілік және шеберлік қажет. Ас үй жабдықтары кез келген отбасы үшін қажет. Оны көк теректен, қарағайдан жасауға болады. Біз оны үшқаттан (қабатты фанера) жасап көреміз.

ІҮ. Сергіту:
Жұмбақтар шешу.
1) Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманды отап кетті. ( Балта)

2) Басы жоқ, екі бетті,
Жүзі тісі бар.
Қақ бөлер бөренені
Өз күші бар. (Ара)

3) Кедір – бұдыр тақтайды,
Тегістейтін тілімен.
Жеген асын топтайды,
Шығар желке түбінен. (Сүргі)

Ү. Сарамандық жұмысты ұйымдастыру:
а) Оқушылар жұмысты топ болып орындайды. СТД – 120 ағаш жону станогінде ас үй жабдықтарын технологиялық карта бойынша ағаштан жасау.
ә) Ас үй жабдықтарын жасап шығуда оқушылар өз шеберліктерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін таныта білуі тапсырылады.
б) Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Теориялық және практикалық бөлімін қорытындылау мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану арқылы кестені толтыру.
Не білдім?
Нені үйрендім?
Нені үйрендім?
ҮІІ. Бағалау: Жасаған жұмыстарын қарай отырып бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнжазба жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама