depositphotos.com
- 23 сәу. 2026 13:30
- 26
Ұлттық банк зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қойылатын талаптарды арттыруды қолдайды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қойылатын талаптарды арттыру бойынша өз позициясын білдірді. Бұған дейін бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлаған болатын.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін Сенатта өткен брифингте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабековадан осы мәселе бойынша реттеушінің ұстанымы сұралды.
Талаптарды арттыруды қолдаймыз
«Шынында да, зейнетақы қорынан қаражатты алудың шекті мөлшерлері қазіргі уақытта Ұлттық банкпен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен талқыланып жатыр. Біз талаптарды арттыруды қолдаймыз, себебі бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырады және болашақта зейнеткерлікке шыққан кезде азаматтарымызды қорғайды. Біз талаптарды арттыруды қолдаймыз, өйткені зейнетақы активтерінің маңызды әлеуметтік функциясы – қарттықта жеткілікті зейнетақы деңгейін қамтамасыз ету деп санаймыз», - деп жауап берді Молдабекова.
Қанша боларын әзірге белгісіз
Талаптардың нақты қалай өзгеретіні әзірге белгісіз, бұл мәселе талқыланып жатыр. Ұлттық банк төрағасының орынбасары шешім қабылданған кезде барлық ұсыныстарды жариялайтынын айтты.
Бұған дейін Еңбек министрі Асқарбек Ертаев зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін талаптарды қайта қарау осы жылдың мамыр айында болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Контекст
Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік мөлшерлерін есептеуге деген көзқарасты өзгерту қажеттігі туралы жазған болатынбыз. Қазіргі әдістеме бойынша, минималды жалақы, минималды зейнетақы, базалық төлем және өмір сүру минимумы ескеріледі. Оның орнына адамның жасына, күтілетін төлемдерге, табыстылыққа және демографиялық деректерге байланысты актуарлық тәсілге көшу ұсынылады. Алайда, жаңа формуланың нақты параметрлері мен шешім қабылдау мерзімдері әзірге белгісіз.
-
Житель Западно-Казахстанской области добился возврата средств за годовой абонемент в фитнес-клуб, которым не воспользовался ни разу.