Photo: Konevi (https://www.pexels.com/@konevi) / Pexels
- 04 мам. 2026 18:00
- 36
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаеваның сұмдық оқиғасы жұртты шошындырды
Белгілі әнші Айгүл Иманбаева өзі мен ұлына жасалған қастандықтың бетін ашты. Ол Аман Тасығанға берген сұхбатында басынан кешкен сұмдық жайтты баяндап берді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дуалау әрекетінің салдары
Әншінің айтуынша, белгісіз адамдар оларды дуаламақшы болған. Бұл әрекеттің белгілерін кафе дәретханасынан тапқан. Есіктің артынан қағазға оралған суреттерді көрген ол, жарық жағып қарағанда, өзі мен ұлының суреттеріне инелер қадалғанын байқаған.
"Асқазан, жүрек, қуық жақтарына дейін ине тығып қойған. Екеуміздің арамызды жақсылап бөліп тастаған. Мен мұндайды тек кинодан көргенмін", - дейді Айгүл Иманбаева.
300-ге жуық сурет табылды
Іздеу кезінде айнаның артынан, канализация құбырларынан және басқа да жерлерден 300-ге жуық осындай суреттер табылған. Бұл әрекеттердің салдарынан әнші мен оның ұлы жұмыста да, қаржылық жағынан да қиындықтарға тап болған.
"Жұмыс жүрмейді, түгел минусқа кеттік", - деп күйінішін білдірді әнші.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікірлер білдіріп, әншіге қолдау көрсетуде.