Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үміт сыйлаған аяулы мектебім!

«ҮМІТ» мектеп-интернаты
5 «A» сынып оқушысы: Сайлаубай Құралай
Жетекші: Есимова Гулжан Бозымбековна

 

Мен «Үміт» мектебінің оқушысымын. Мектептегі ұстаздар, тәрбиешілер, тәрбиеші көмекшілері өте мейірімді, өте қарапайым және біз үшін көмекке әрқашан дайын. Мен мұнда сыныптағы, топтағы оқушылармен танысып көп достар таптым. Маған өз мектебім қатты ұнайды. Мектепте балалар екі мезгіл оқиды. Мектепке тарыдай боп кеп, таудай боп шығамыз. Мектеп біздің екінші отбасымыз, ақылшы анамыз, ұстазымыз. Мектеп бізге көп бақытты күндер сыйлады, тірек болды, жылулық пен бақыт сыйлады. Ал ұстаздарымыз білім үйретуден еш жалықпады.Осы мектепке келгелі менің өмірге деген қызығушылығым артып, денсаулығым түзелуде. Мен сабақтан тыс кезде түзету жұмыстарына барамын. Мұнда бізге медбикелер барлық жан-тәнімен, бар мейірімді ықыласымен денсаулығымыз үшін  барлық көмегін тигізеді. Біздің мектепті басқарып отырған басшы апайларымызға ағлғысым шексіз. Басшы апайлар, ұстаздар, тәрбиешілер біз сияқты балаларды өзінің туған баласындай көреді, бізге күн нұрындай мейірімін шашады, білімдерін барлық ықыласымен береді. «Үміт берген аяулы Үміт мектебім биіктерден көріне берсін демекпін.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама