Ұрпаққа мирас болар ерлік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті № 266 мектеп-лицей
Орындаған: 10 «Г» сынып оқушысы Нұрман Лаура
Тақырыбы: Ұрпаққа мирас болар ерлік
Жетекшісі: Бисенбай Жазира Арыстанғалиқызы
информатика пәні мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Е.Ақтаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің физика-математика ғылымдарының кандидаты
Адамның жаратылысы, жан дүниесі, болмысы ешбір өлшемге сыймайтын, зерттеліп бітпеген өте күрделі табиғи құбылыс қой. Адам өмірге жылап келеді, жылап кетеді. Біреуге ұзақ, біреуге қысқа сол бір ғұмырда ол қандай күй кешеді? Ол да ешбір ғылымның болжауына , өлшеп-пішуіне көнбейді, өйткені мұндай жағдайда өмірдің мәні де, сәні де болмас еді.
Өмірге келген жанның бәріне дүниенің кеміс - кетігін тауып, «кірпіш болып қалана» білу қасиеті де бірдей қона бермейді. Сондықтан да өмір бедерінде «әркім өз әлінше әрқилы із қалдырады. Біреу өнерімен әйгілі, біреу ғибратты сөзімен, біреу ел ішіндегі қадірімен әйгілі, біреу ғибратты сөзімен, біреу ел ішіндегі қадірімен әйгілі, біреу жасаған жақсылығымен қадірлі, қадір-қасиетін бір-ақ ауызбен сипатта десе , мен: «Талант туралықтан таймаған, әділдіктен аттамаған, асып-таспаған, жамандыққа әсте баспаған, халқына қалтқысыз еткен нағыз азамат еді», - дер едім.
Атам өзінің сирек кездесетін бекзаттығымен ерекшеленіп, осындай бағаға, сый-сияпатқа әбден тұрарлық тұлға болған. Бұрынғының данышпан ақылмандары айтқан «Ақын болу міндет емес, азамат болу - парызы» ту етіп ұстап өтті.
Талант Әмитжанұлы Бөрқұлақов 1947 жылы 5 мамырда Ресейде Горкий қаласында дүниеге келген.
Әскери погон тағып жүргендегі әкеден жаралған ұл әрине әскери жолды таңдайды. Дзержинский атындағы әскери-теңіз инженерлік училищесін бітіріп шығады. Сүңгуір қайықтың қыр-сырын содан білген. Сан рет дизельді сүңгуір қайықтың қыр-сырын содан білген. Сан рет дизельді сүңгуір қайықпен алыс жорыққа шыққан. Кейін флоттағы саяси қызметке ауыстырылған. Бірақ Бас әскери флот басқармасындағылар оған оң көзбен қарамаған. Өйткені, «механиктен» саяси қызметкер қайдан шықсын деп білсе керек. Бірақ, талант Бөрқұлақов өзінің тілімен, тәртібімен, тіпті түрімен Солтүстік флоттың әскери теңізшілерінің құрметіне бөленіпті. Осы заманға сүңгуір қайықтар дивизиясы орысша болса жедел түрде адмирал шені берілетін қызмет. Ал талант екінші рангалы капитаннан жоғарыларда кезегін басқалардан төрт жыл артық күтіпті.
Адимирал Нахимов атындағы жоғарғы теңіз училищесін үздік бітірді. Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан Талант Бөріқұлақов кейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталған.
Біреудің есінде болса, енді біреудің есінде қалмаған оқиға уақыт өткен сайын өз жаңалығын әкеліп, жаңғыра түсуде. Талант Бөріқұлақов кім?
І рангалы капитан әскери шенімен адмирал қызметін атқарған талан Бөріқұлақов тірі болса 65 жасын тойлар едік.
Талан Әмитжанұлы Бөріқұлақов Қызылорда облысы, қазалы ауданы, «Өркендеу» ауылының тумасы. Таланттың әкесі Әмитжан Сыр өңірінің белгілі жыршы, ақынжанды азамат болатын еді.
Елімізге тұтқиылдан шабул жасаған неміс фашистерімен болған қанқұйлы соғысқа қатысқан Әмитжан ата Ұлы жеңістен соң беларусияда үш жылға жуық әскери міндетін өтейді. Офицер кадрларының сапында еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге көп еңбек сіңіреді. Жеңістен кейінгі жылдар Әмитжан атамыз өміріне өз жаңалығын алып келеді. Өзімен қан майданда бірге болған орыс қызы Клавдия Николаевнамен дәм тұзы жарасып, отбасын құрады.
1947 жылы 5 мамырда Әмитжан атамыз тұңғыш рет перзентті болып, елден жарық алыс елде ұлан асыр той жасайды. Балаға талант деген ат беріледі. Араға бір жыл салып, Әмитжан атамыз әскер қатарынан босайды. Қарап отырса, елден шыққанына тура алты жылдың жүзі болыпты. Туған елге, ағайын-туысқа деген сағыныш сезімі де күннен-күнге ұлғая түседі. Сөйтіп, атамыз елге қайтайық деп, жеңгеміз Клавдияға өз байламын жеткізеді.
Ұшқан ұядан алысқа сапар шегу қандай қиямет. Клавдия да бір шешімге келе алмай, азапты күндерді бастан өткереді. Әмитжан атамыздың көз алдынан туған жері , өскен ортасы, ағайын-туысы, әлпештеген қарт ата-анасы кетпей қояды. Клавдияда біреудің жалғызы, оның да жанынан көзі тайса, жан-дүниелері аза болатын қартаң ата-анасы бар. Қимастық сезім, азапты күндер осылай өрши түседі.
Сөйтіп қан майданнан аман қалып, базарлы шақтарды бірге өткізген Әмитжан атамыз бен Клавдия шешеміз тағдыр талайында екі айырылады.
Шалғай алыста жүрсе де Әмитжан атамыз өз перзенті алдындағы әкелік борышын ұмытпайды. Таң шапағынан таланттың тілеуін тілеп, оның амандығы үшін дұғасын оқып жүреді. Таланттың алғаш мектеп табалдырығын аттауы, орта мектеп бітіруі, адмирал Нахимов атындағы жоғарғы теңіз училищесін үздік бітіруі мен үйленуі, немерелі болуы арасындағы барлық тойларға қатысып, , қолынан келген барлық көмегін көрсетеді. Өз бауырынан шыққан перзенттің үйіне жолаушылап барып, бірауық мауқын басып қайтып жүрді. Таланттың болашағынан зор үміт күтетін , азамат боларына марқайып қалатын . талант өз қатарының алды болып әдемі ер жетеді. әкенің сыртта жүріп, оның тілеуін тілеу босқа кетпейді.
Пешенеге жазылған тағдыры солай болар, Әмитжан атамыз таланттың қайғылы қазаға ұшырағанын көзімен көрмеді, құлағымен естіген жоқ. Мұндай азапты оның көтере алмасына анық еді. Алайда, әлемді дүр сілкіндірген бұл қайғылы оқиға бүкіл дүние жүзіне жайылып, соның арасында қазақ атты қайсар халықтың бір өкілі бар екені паш етті.
Ғасырлар құпиясы болып шегенделіп қалған оқиғалар өмірімізде аз ?
Мұндай оқиғалардың бірі осыдан 21 жыл бұрын Солтүстік теңізде болған еді . Норвегияның медведжий аралында құрамында 69 ержүрек жауынгері бар № 1 атом - сүңгуір кемесі 105 шақырым тереңдіктегі теңіз шыңырауына батып кеткен еді.
Жауынгерлік сапта мәңгілік есімі қалған сол 42 жауынгердің арасында біздің жерлесіміз , сүңгуір кемелер құрамасының саяси істер бөлімінің бастығы, І –рангалы капитан талант Бөріқұлақов та бар еді.
Арада қанша жылдар өтсе де , 1989 жылғы сәуір айында солтүстік көк К-278 «Комсомолец» атом кемесінде өрт шығып, шыңырауға кетуінің шындығы ұзақ уақытқа дейін айтылмай келді. Арада 10 жыл салып, дүние жүзінде теңдесі жоқ атом су кемесінің өртке шалдығу себептерін тексеруге шешім шыққанда «Курск» кемесінің қайғылы оқиғасы орын алды. Құрамында бір нүкте бағынатын ядролық қаруы бар әскери кеменің нендей жағдайда апатқа ұшырауын жариялау ол кезде мүмкін емес еді.
Апат неден шықты?
Титанның сутегімен реакцияға түсіп, шытынап кететіні айтылды. Титанды дәнекерлеу сутегі еш кездеспейді, бейтарап газ ортасында ғана дұрыс жасалады. Тіпті оны дәнекерлеп жатқанда бірнеше жұмысшының тұншығып өлгені мәлім болды. «Комсомолецтің» бортындағы жетінші бөліктен шыққан өрттің бір себебі –титанның қатты кезінде жоғары қызу бөліп, шытынап кетуінен деген тұжырым бар. Ішінде ядролық реактор қалдықтан бұл сүңгуір кеменің қоршаған ортаға қаншалықты зияны екендігі сан мәрте тексерілді. Бұл мәселеге әсіресе іргедегі Норвегия қатты шүйлікті. Кеңес Одағының әскерлері бастапқыда мойындамағанымен, екі ядролық оқбасының қалғаны айтыла бастады. Кемені көтеру мүмкін болмаса да , одан теңізшінің мүрдесі жатқан қалқып шығу камерасының суырып алуға әрекет істелді. Бірақ су бетінде 200 метр қалғанда торс үзіліп кетіп, камера екінші рет теңіз түбіне батып кетті. Осымен бүкіл қаралы тарих аяқталды.
Мұндай апат бұрын дейін де бірнеше рет орын алған болатын. 1990 жылы 15 наурызда тірі қалған бірнеше экипаж мүшелері «Красная звезда» газетіне ашық хат жазып, оқиғаға ашық пікірлерін білдірді. Бұл жерде өлгендердің соңында қалғандардың сөзі есепке алынбады. Экипажда оның жеке құрамы да апатқа ұшырамауға тиіс еді. Сол кездегі әскердегі тәртіпсіздік, іс-қимылдың есепке алынбауы жаппай бассыздықтарға алып барған. Кеме басшылығының өртті өз күштерімен сөндіруге деген арпалысы ешбір нәтиже бермеген. Әйтседе оның зардабы одан да күшті болуы ықтимал еді. Экипаж құрамының жанкештілігінің арқасында ғана алапат апатқа жол берілмеген. Теңізшілер ешбір үн шығармай өмірімен қоштасып жатты. Ешкім де асып-сасып айқай шығармады, не қоштаспады.
Егер сол тұста «Комсомолец» құпияланбағанда, ол апатқа ұшыраған сәтте халықаралық «SOS» белгісін берсе, небәрі 108 шақырым жердегі нервегтің жағалау күзет кемесі елден бұрын келуі мүмкін екен. Олардың Будедегі бас құтқару қызметі орталығында тікұшақта бар екен. Олар дереу жетіп саты арқылы адамдарды шығарып алуға қабілетті. Бәрі сүңгуір кеме мәңгілік суға кеткенше жүзеге асатын шаруалар. Бірақ ең соңғы үлгідегі сүңгуір қайық өз құпиясын сақтау үшін шет жерліктерді көмекке шақыра алмайтын. Тәртіп солай.
Талант Горький қаласында жерленді. Оны жерлеу кезінде Солтүстік флот әскерлері жауынгерлік сап түзеп, құрмет көрсетілді. Әскери құрамада жауынгерлік даңқ бұрышы ұйымдастырылып, оған таланттың есімі мәңгілікке жазылды. Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан талант Бөріқұлақов кейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталды.
Бұл күндері таланттың отбасы Нижний Новгород қаласында тұрады. Баласы Артур Талантұлы
Санк - Петербург жоғарғы әскери-теңіз академиясын бітіріп, әкесінің қасиетті ісін жалғастыруда Мурманскіде. Солтүстік флотта жауапты әскери қызметте жүр. Ал, қызы Наташа орта мектепте мұғалім.
Елі іші емес пе, араға ұзақ уақыт салмай-ақ ағайын-туыстар жиналып, өз орталарынан талант жерленген Горький қаласына жіберіп, туған елдің топырағын салып қайтады.
Асылдарымыз бен алтындарымыз, елдігіміз бен ерлігіміз енжарлықтың құрбаны болмай, қымбат қазынамыз бен мақтан тұтар мұрамызға айналсын.
Қорытынды
Бұл зерттеу жұмысы өлкетану жұмыстарының бірі болып танылады;
Зерттеу барысында атамның ерлік істерін ашып көрсеттім;
Өз құрбыларыма, жас жеткіншектерге, еңбек адамдарының өмірі мен ерлік істерін насихаттадым, еңбек жолын үлгі еттім;