Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Үш облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды

24 наурыз күні кешкі сағат 18:00-ден бастап еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелген аумақтар:

▪️ Ақтөбе облысы – Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автожолының 3-92 шақырымы (Қандыағаш пен Ембі қаласының арасы).
▪️ Қостанай облысы – Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Мариновка ауылына жақын аумақ.
▪️ Солтүстік Қазақстан облысы – Петропавл айналма жолының 4-7 шақырымы (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).

Жол қозғалысының қашан қалпына келетіні туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама