Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
Сабақтың мақсаты:
а) үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту тәсілімен жұмысты жалғастыру;
ә) түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ой - өрісін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
б) тапқырлыққа, қырағылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, ғарышкерлер суреті, глобус, зымыран.
Түрі: саяхат сабағы.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Бүгінгі сабақтың ұраны:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз,
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- № 6 есеп. Өрнектердің мәнін табу.
1 - 2 оқушыдан ауызша сұрау.
Ойын: « Қағып ал, жауабын тауып ал» (көбейту кестесін қайталап шығу).

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктемнің қай айы?
- 12 сәуір күні қандай күн ретінде белгілі? Сендердің араларыңда ғарышкер болғысы келетін немесе ғарышқа ұшқысы келетіндер бар ма? Ендеше, біз бүгін ғарыштық саяхатқа аттанамыз.
Балалар біз қандай планетада тұрамыз? Жер - ғарыш денесі. Ал, ғарыш дегеніміз не? Жерден тыс жер. Ғарышта жерді қоса есептегенде 9 ірі планета бар.
Суретпен жұмыс планеталар суретін көрсете отырып олардың атын атату.
Осы планеталарға саяхатқа шығу үшін планеталардың тапсырмаларын орындауымыз қажет. Планеталар тапсырмаларын орындату.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. № 1 тапсырма.
1 - тапсырманы орындап болған соң дәптерге күн жадын жаздыру.
№ 2 тапсырма. Ш: 30 х 12 = 360
Ж: Ғарышта болған уақыты 360.
№3 тапсырма. Ғарышқа кімдер ұшады? (Мысалдарды шешу арқылы балалар Қазақстан Республикасының ғарышкері Т. Мұсабаевтың фамилиясын табуы тиіс) Үлестірмелі карточаларға жазылған тапсырмалар.
Талғат Мұсабаевтың суреті. Ғарышкер туралы қысқаша мәлімет беру.
Ғарышқа адамдар қашан жол ашқаны туралы қысқаша әңгімелеу.
Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні Кеңес Одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа ғарышкерлер күні деген атпен енді.( Ю. Гагарин және қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің суреттері)
№ 4 тапсырма.«Зымыран ұшыру» ойыны. Амалдар тізбегі жазылған зымыран суреті.
№ 6 тапсырма. Теңдеулерді шешу. Құрылымы күрделі теңдеулерді қарапайым теңдеуге айналдырып теңдеуді шешу.
№ 8 тапсырма. Балалар түнде аспаннан нелер көрінеді? Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды көресің. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге жылтыраған ноқта сияқты болып көрінеді. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.
Есепті оқытып, сұрақтарға жауап алу арқылы талдау. Есепті шығару.
Ш: 16 х 4 +38 = 102
Ж: Үшінші сынып оқушылары барлығы 102 жұлдызды бақылады.

Шығармашылық тапсырма.№ 10 тапсырма.
№ 11тапсырма. «Кім тапқыр?» ойыны.
Қалып қойған сандарды орнына қою.
№ 12 тапсырма? Өз бетінше жұмыс. Баған түрінде көбейтуді орындату арқылы зымыранды жерге қондыру.

ҮІ. Сабақты қорыту.
- Міне, біз өзіміздің Жерге - ең әдемі әрі ең тамаша ғаламшарға да оралдық. Оны жақсы көріп, жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарайықшы!
- Қай тапсырма сендерге ұнады?
- Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?

Ү. Үйге тапсырма. № 5.
ҮІІ. Бағалау.

Құланды орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Сынып жетекші: Кувандыкова Т.

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама