Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Үшінші мегаполис: Өскеменді екі ауданға бөлудің басты шарты қандай?

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақпанов қаланы екі әкімшілікке бөлу үшін халық санының нақты статистикасының жетіспеушілігі кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы қала басшысы халықпен өткізген есеп беру кездесуінде айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда қалада 400 мыңнан астам адам тұрады. Алайда, тұрғындардың уақтылы тіркеуден өтпеуі салдарынан ресми статистикада 380 мың адам көрсетілген. Бұл құбылыс әлемнің көптеген қалаларында кездесетін субурбанизацияға жатады.

Қаланы екі ауданға бөлудің артықшылығы

«Егер ресми түрде 400 мың адамға жетсек, қаланы Кеңес Одағындағыдай екі ауданға бөлуге болар еді. Ол кезде қала аумақтарын екі коммуналдық шаруашылық басқаратын еді», - деп түсіндірді әкім.

Ақпановтың айтуынша, қазіргі таңда ұзындығы 80 шақырымға созылған Өскеменді бір әкім мен үш орынбасары басқарады. Бұл кейде қиындық тудыратыны белгілі.

Халық санын нақтылау жұмыстары

«Сондықтан қазір халықтың нақты санын анықтайтын жұмыстарды жүргіземіз. Егер 400 мыңнан асса, қаланы екі ауданға – сол жағалау және оң жағалау болып бөлу туралы ұсыныспен жоғары басшылыққа шығамыз», - деді қала әкімі.

Жаңалықтар

Жарнама