Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұстаз атына ода немесе өзім туралы сыр...
Ұстаз атына ода немесе өзім туралы сыр...

Ұстазбын мен, ұста мінез, ұстамдылық негізі,
Сабырлымын, салмақтылық абыройдың егізі.
Тәрбиемін, өнегемін, татулығы тамырлас
Адалдықтың арашасы, білімнің көк теңізі.
Зейіндімін, ақыл - ойдың ардақтысы, адаммын,

Мейіріммін, айырмасы жақсы менен жаманның.
Еңбекшілмін, ерінбеймін білімімді шыңдауға
Келешектің бағдаршамы, аттаған әр қадамың.
Тағылыммын, жүректердің, тілектердің төресі,
Ең асыл ат – мұғаліммін, кеңістіктей өресі.
Парасатпын, түсінікпін, адал жүрек иесі

Жақсылықпын, маған құрмет, мен шығатын төр осы.
Үйіп - төгіп, құятұғын бар білімін санаға,
Рақымшылық, разылықпен айналатын данаға.
Ерінбейтін, елім дейтін мың жасасын ұстаздар
Гүлің өркен,
Ізің көркем құрмет ұстаз анаға!!!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама