Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың зат есімнің жіктелуінен алған білімдерін пысықтау. Зат есімнің түбір күйіндегі және тәуелденген түрлерін жіктеуге үйрету. Жіктелген сөздерді сөйлем ішінен тауып, қолдана білуге машықтандыру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын жинақтап айтуға, өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
3. Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар:
- зат есімнің жіктелуін меңгереді;
- топпен жұмыс жасауды үйренеді;
- сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
- сабаққа қызығушылығы артады;
Міндеттері:
1. Тақырып бойынша ойлануға дұрыс бағыт беру;
2. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру;
3. Жеке тұлға ретінде қарастыру;
4. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бір - бірін тыңдауға баулу;
5. Мұғалімнің еңбегін бағалауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Берілген білімді пысықтау.
Сабақтың түрі: Инновациялық сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық, СТО.
Көрнекілігі: Флипчарт.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Алдарыңдағы бөліктерге бөлінген қағазда 2 жол өлең жолдары жазылған, оны дұрыс оқу үшін «мозайка» құрастыру керек.
- Оқушылар қағаздардан «мозайка» құрастырады.
2. Балалар, менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сендердің ше?
Ендеше, біз көңіл - күйімізді реттеу үшін мозайкадағы өлең жолдарын оқи отырып, қимылмен көрсетейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама