Ұстаздарға мың алғыс!
Тақырыбы: Ұстаздарға мың алғыс!
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.
ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әр түрлі шарлар, гүлдер, интерактивті экран
Ажар:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Радмир:
Ұстаз сөзін айтып жүрем ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иерлік мәңгілік!
Ажар: Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар! «Ұстаздарға мың алғыс!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Радмир: Шәкірт үшін барлық қиындыққа төзетін жаны жайсаң, жүрегі алтын, алақаны аялы ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Ажар: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Би. Қазақ биі
Радмир: Мерекелік кештің шымылдығын ашқан республикалық байқаулардың жеңімпазы – «Өрнек» би ансамблі. Жетекшісі – Умбетова Майра Хамитқызы.
Ажар: Барша ұстаздар қауымын құттықтау үшін ортаға мектеп директоры Қарлыға Айтмұханбетқызын зор қошеметпен шақырамыз!
Директор құттықтау сөз сөйлейді.
Ажар: Сен қалай ойлайсың, Радмир? Менің ойымша, кез - келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді.
Радмир: Әрине, Ажар, Ғафу Қайырбеков атамыз айтқандай, Ұстаз болу үшін жүректің батырлығы, сезімнің ақындығы, күн шуағындай алтын мінез керек. Сол үшін де біз ұстаздарымызды қадірлейміз!
Ажар: Ұстаздарымызға деген құрметімізді біз 26 қыркүйек – 5 қазан аралығында өтркен «Ұстазыңды ұлықта!» атты акция барысында көрсете білдік. Экранға назар аударайық.
Экраннан акция туралы слайдтар, видеолар көрсетіледі.
Ажар: Келесі құттықтау сөз мектеп кәсіподағы төрайымы Мәншүк Мұратқызына беріледі.
Мәншүк Мұратқызы құттықтау сөзі.
Музыка ойнайды. Сахнаға театр өнерпаздары шығады.
Театр өнер көрсетеді.
Радмир: Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен «Айналайын» театрының жас таланттары.
Ажар: Жетекшілері – Шотанова Гүлжайнар Ғабдулғалымқызы, Есжанова Замира Мерекеқызы, Тұрмантаева Жанар Беркінғалиқызы.
Радмир: Ұстаз еңбегі ұшан - теңіз. Шәкірт санасына білім нәрін сіңіріп, дүниенің жақсылығы мен қыр - сырына баулитын ерекше жанның еңбегі қандай болса да құрметке лайықты. Сондықтан да, Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі мерекеде біздің оқушыларымыз сіздерді түрлі атақпен марапаттайтын болады.
Радмир: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Ажар: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі, ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Қонақтарға қошемет көрсетіп қояйық!
Ажар: Номинациялар бойынша марапаттауды бастаймыз. Бірінші номинация: «Ең мейірімді ұстаз» Марапаттау үшін сахнаға 2015жылғы Байғанин ауданының құрметті Азаматы атағының иегері, грек - рим күресінен халықаралық чемпионаттың жүлдегері, мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының Президенті Есенғосұлы Мұхтарды шақырамыз.
Мұхтар: Құрметті ұстаздар! Біздің осындай дәрежеге жеткеніміз – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.
Сіздерге айтар алғысым мол. Біздің болашағымызға алаңдап, мамандыққа баулып, оқытып жатырсыздар. Сол үшін де сіздерге колледж студенттерінің атынан алғыс айтып, басымды иемін! Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілеймін.
Конвертті ашып, ішіндегі мұғалімнің аты - жөнін оқиды. Музыка ойналады. Аты аталған ұстазға марапаттау белгісін тағады.
Радмир:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән - шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
«Асыл ұстаздар» әні. Орындайтындар: Үсенбек Ажар, Халықов Бекжан, Мажитов Әділжан және Мажитов Еділжан
«Асыл ұстаздар» әні - Ажар, Бекжан, Әділжан, Еділжан
Радмир: Келесі номинация «Ең ақылды ұстаз» номинациясын табыстау үшін сахнаға оқу озаты, республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің дипломанты, мектеп мақтанышы Қосқұлақов Нұрболатты сахна төріне шақырамыз!
Нұрболат: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Құрметті ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Мерейлеріңіз арта берсін!
Конвертті ашып, ішіндегі мұғалімнің аты - жөнін оқиды. Музыка ойналады.
Мұғалімге белгіні тағады.
Радмир: Анамыздай тал бесікті тербеткен,
Болашаққа құлашымды серметкен
Ұстаз – Ана! Есіміңді мәңгілік
Айтып жүрем мәңгі шексіз құрметпен!
Ажар: Анамыздай күлімдеп, біздің жанымызды ұғатын асыл ұстаздарымыз – біздің екінші анамыз. Интернатта өтіп жатқан күндеріміздің барлығы біздің тәрбиеші апайларымызбен бірге өтіп жатыр. Жақсы мен жаманды ажыратып, болашақ өмірге нық қадам басуға бағыт бергеніңіз үшін барша Ұстаздарға
Екеуі бірге: Мың алғыс!
Радмир: Ұстаз - аналарға деген ерекше сезімін Орынғалиев Данияр «Анаға сый» әнімен жеткізеді. Қошеметпен қарсы алайық!
Ұстаздарға мың алғыс! жүктеу