Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұстаздық еткен жалықпас...
Әдістемелік конференция тақырыбы: «Ұстаздық еткен жалықпас...»
Мақсаты: 1) бірлестік жетекшілерінің жылдық есебін қорытындылау
2) іскерлік ойындар арқылы мұғалімдерге әдістемелік көмек беру
3) тренингтер арқылы мұғалімдермен жұмыс жүргізуге бағыт беру

Жүрісі:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?- деп бүгінгі шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

І. Бірлестік жетекшілерін қарсы алу
Жыл бойы жүргізген бірлестік жетекшілер есебін тыңдау

ІІ. Сәлемдесу» жаттығуы
• Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
• Жаттығу барысы
• Бірлестік жетекшілеріне өздері таңдаған мүшелерімен шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар», «африкандықтар» және «италиандықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
ІІ. Жүргізуші:
- Құрметті әріптестер!
- Біздер ұстаздар қауымы үнемі табыс биігінен көрініп ғажап, керемет болуға ұмтыламыз. енді осы керемет сөзін талдау жасап көрсек, мен таратқан қағазға керемет сөзіне синонимдер жазып, пікір айтуыңыз керек.
- Өз бойыңызда осы қасиеттер бар ма? Болса қандай?
- Енді осы керемет сөзінің мәнін оқушылар көзімен ашу үшін 2 топқа бөлініп, 1 - топ - бастауыш сынып оқушылары «Балдырған» тобы, 2 - топ 5 - 9сынып оқушылары «Балауса» тобы
- Орындыққа арқаңызды қойып, көздеріңізді жұмып, екі қолды тізеге қойып, бастауыш сынып пен жоғары сынып мұғалімін көз алдарыңызға келтіріп, жақсы қасиеттерін атаңыз.
- Қорытынды«Балдырған» тобының пікір: педагог мейірімді, әділ, әдемі, көңілді
- «Балауса тобының» пікірі: өз мамандығының кәсіби шебері, қатаң, қазіргі талапқа сай, жаңашыл, болуы керек. Енді өздеріңіздің ұстаздарыңыз туралы еске түсіріңіз.
Релаксация: (Баяу музыка әуені ойналады.)

ІІІ. «Көңілді музыка» ойыны
• Мақсаты: бойдағы шаршаудан, стресстен арылу.
• Шарты: шеңбер бойымен тұрып, бір - бірінің иықтарына қолдарын қояды. Музыканың ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп, иыққа ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды. Ойын кері қайталанып отырады.
• Қорытындыда қандай әсер алғанын айту.

ІV. Мұғалімнің өз білімін жетілдіруіне әдістемелік нұсқауға қысқаша шолу

V. Болашақ біздің мектеп қандай болса...
Өз қиялындағы мектепті түрлі бояулар арқылы суреттеу, қорғау

VІ. Рейтінгімен мұғалімдер жұмысын бағалау /Бірлестік бойынша/ /марапаттау/
І орын – Гуманитарлық пәндер бірлестігі
ІІ орын – Бастауыш сынып пәндер бірлестігі
VІІ. Қорытындылау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама