Ұялы телефон. Зат есімнің көптелуі
Павлодар облысы, Качир ауданы,
Октябрь жалпы орта білім беру
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Мирманова Лағыл Балтабекқызы
Сабақтың тақырыбы: Ұялы телефон. Зат есімнің көптелуі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімдік: Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік беру. Зат есімнің көптелуін, оның ерекшеліктерін меңгерту. Ұялы телефонның адам өміріне пайдасы мен зиянын білу;
ә) Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) Тәрбиелік: Өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтижелер: Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік алады. Зат есімнің көптелуі мен оның ерекшеліктерін меңгереді. Ұялы телефонның адам өміріне пайдасы мен зиянын біледі.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сергіту сәті (Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу), кластер, ереже шығару ( Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету), топпен жұмыс (қалай оқу керектігін үйрету), рөлге бөлу (Талантты және дарынды балалармен жұмыс), демонстрация (Ақпараттық технологияларды қолдану) «Бір сөзбен» әдісі (Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау)
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақтары, флипчарт
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
Тренинг «Мені таны»
Шеңберге тұрып, өз есімін айтады оған қоса есімі қай әріптен басталса соған сәйкес сөз айтады. Әсем әдемі
- Кезекшінің мәліметі
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Аквариумдағы алтын балық» әдісі бойынша үй тапсырмасын айтқызамын. «Аквариумдағы алтын балық» әдісі бойынша шеңбер жасап отырады. Ортаға бір оқушы шығып, үй тапсырмасын оқиды. Басқа оқушылар оған сұрақтар береді. Жауап бере алмаса өздері айтады.
Зат есімнің септіктері және сұрақтары мен жалғауларын айтып, мысал келтіру керек
«Ойыншықты қағып ал, жауабын тез тауып ал!» ойыны
1. Зат есім дегеніміз не, сұрақтары?
2. Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
3. Негізгі зат есім дегеніміз не?
4. Туынды зат есім дегеніміз не?
5. Жалпы есім дегеніміз не? Мысалы:
6. Жалқы есім дегеніміз не? Мысалы:
Психологиялық дайындық:
Шаттық шеңбері:
Көтеріңкі көңілменен
Шаттанайық бәріміз
Көңілді етіп сабақты да
Өткізейік қане біз!
Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
Қайырлы күн, қонақтар!
- Бүгінгі сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келіпті.
«Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық. Сендердің білімді де, зерек оқушы екендеріңе куә болсын!
- Мен де сендерге сәттілік тілеймін.
Топқа бөлу (Оқушыларды екі топқа бөлу). (Телефон түрлері бойынша оқушылар топқа бөлінеді: SAMSUNG, NOKIO). Топта хатшы, жетекші, көмекші рөлдері бөлініп беріледі. Топта топ басшысы тағайындалады.
ІІІ. Жаңа сабақ: Осы суреттердің бірінші әрпін құрастыру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын тауып аламыз
Я
Жаңа сабақ.
а) Тақтада:
Жиырма үшінші желтоқсан
Ұялы телефон.
Зат есімнің көптелуі
Оқушыларға теориялық білім беру.
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау.
Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты, адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала - мын, сен бала - сың, сіз бала - сіз, ол бала. Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы: Мен асқар таумын, Сен төбесің, Сен темірсің, Мен көмірмін, еріткелі келгенмін.
Көптік жалғау алты түрлі: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер. Сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді. Мысалы: оқушы - лар, үй - лер, қыз - дар, мектеп - тер т. б.
Көптік жалғау өзі жалғанған сөз заттың тек көптігін ғана емес сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді. Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде, үйдің, шайдың көптігі емес сол заттарға қатысты болып тұрған адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін, сол кісінің көптігін емес, оның қасында көп кісі бар екенін көрсетеді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде беріліп тұр.
Ескерту: Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды: мал, мұнай, газ, тары т. б.
ІІ. Негізгі бөлім.
1 - тапсырма. Ұялы телефон дегеніміз не? Ережесін шығару. Әр топ басшысы шығып қорғайды. Оқушылардың жауабы мен сөздік жауабы
салыстырылады. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
2 - тапсырма. Көптік жалғауларын жалғап, көптелмейтін зат есімдер тауып дәптерге жазып, дауыстап оқып шығу.
Мұнай, пышақ, балық, мыс, тамақ, дәрігер, көмір, оқушы, қонақ, құс, мал, аудан, қала, ел, дастан, адам, су, қалам, мәтін, уран, мақал, қарға, өзен, жүн, өлең, той, күн, көл, дәптер, мақта, сен, септік, кесте, алтын, тақта, астық.
3 - тапсырма. Телефонның пайдасы мен зияны қандай? деп 1 топ пайдасы бар екендігін, 2 топ зиянды екендігін флипчарт арқылы қорғаулары керек.
Сергіту сәті: Көңілді күн
4 - тапсырма. «Түйінді сөздер» тапсырмасында оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ғана беріледі. Оқушылар берілген сөздерден әңгіме құрастыру керек.
Ойды жеткізудің сан түрлі тәсілі бар. Олардың қатарында хат жазу, теледидар, радио, компьютер және тағы басқа қарым - қатынас түрі бар.
Байланысудағы басты мақсат - басқаларға өзің туралы, ой - пікірің туралы ақпарат беру, хабарлама жіберу. Байланыстың арқасында алыста тұратын туыстарымыз бен достарымыздың хал - жағдайын біліп отырамыз.
1. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыру.
2. Мәтінге жоспар құрастыру.
3. Мәтінге ат қою.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту..
1. Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығын білесіз бе?
2. Адам қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесе алады?
3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?
4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?
5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?
V. Үйге тапсырма
1. Өз ұялы телефондарыңның маркасы туралы жарнама дайындау.
2. Диалог құрастыру. Басқа қаладағы туыстарымен, достарына ұялы телефон арқылы қоңырау шалу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау
Сабақты қорыту. «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек. Әр топ өзара бірін - бірі бағалайды.