Ұялы телефонның зияны
Әбдіразақов Е.Ғ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
6B05311Физика білім бағдарламасының 4 курс студенті
Тараз қаласы
Түйіндеме
Менің ұсынылған тақырыбымның басты мақсаты: Қазіргі кездегі әлемде тоқтаусыз шығып жатқан ұялы телефондардың адам өміріне әкелетін зияндары.
Тақырыптың өзектілігі – ұялы телефонның адам ағзасына зиян келтіретіні жөнінде ғылыми тұрғысынан зерттеу кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан тақырыптың өзектілігі айқындалды.
Кілттік сөздер: Ұялы телефон, бала, адам, зиян,әлем.
Кіріспе бөлім:
Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытты үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны да жоқ емес.
Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу және істі бітіру қиынның қиыны. Қазіргі екінің бірінің қолында телефон. Жастың да, кәрінің де қолында ұялы телефон. Адамдар күні-түні смартфонмен әлек болады. Бүгінде бұл құрал ойын балаларының ойыншығына айналған десек те болады. Ал осы телефон адамға қаншалықты зиян?
Жалпы қазіргі балалардың басым бөлігі таңды телефонмен атырып, кешті сонымен батырады десек те болады. Ұялы телефон балаларға кері әсер етеді. Еске сақтау қабілеті нашарлайды, балалардың көбі ашушаң, жүйкесі тез құриды тағысын тағы. Ал ұялы телефонмен көп сөйлесетін балалардың психологиясына айтарлықтай зияны тиеді.
Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр. 20 миллион халқы бар Қазақстанның 8 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2014 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.
Ал оның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы не білеміз? Бізден басқа елдердің талайы ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығы туралы неше түрлі дабыл қағып жатыр. Бұл мәселе әлемдегі жүздеген ғалымның зерттеу нысанына айналғалы біраз болды.
Негізгі бөлім:
Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиян әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді. Бірақ, мән бермейді. Соның салдарынан өздеріне ауру тауып алады. Тіпті қолдан тастамай, тәулік бойы қызыққа бататындар да бар. Осылайша олар өздерінің алтын уақыттарын жоғалтады. Бір күнде 24 сағат болса, жартысына жуығы ұялы телефонды пайдаланумен өтеді. Мектеп оқушыларының көбісі ұялы телефонды сабақ үстінде пайдаланады. Музыка тыңдайды, видео көреді. Кейде сондағы әуенге еліктеп отырады. Соның әсерінен сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. Оның жарқыраған экранға қарап отыруы ең алдымен көз жанарын құртады. Сонымен қатар, еске сақтау қабілетін бұзып, тіпті жүрек ауруы, қатерлі ісік сырқатына шалдығуына әкеліп соғуы мүмкін.
Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.
Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған[1]
Қорытынды бөлім:
Ұялы телефонды таңдаған кезде жасың 14 жастан асқан жөн. Ұялы телефоның әрі сапалы, әрі қымбат және міндетті түрде жаңа болсын. Ұялы телефонды сатып аларда SAR өлшемімен танысып (0,8 Вт/кг болуы тиіс), сертификатты талап ет. Күніне сөйлесу уақытын 2 сағаттан аспау керек. Байланыс желісі нашар болған жағдайда ең дұрысы сөндіріп таста немесе SMS қызметін пайдалан. Түнгі уақытта немесе найзағай кезінде телефонды сөндіріп таста. Ұялы телефонды кеудеде, ішкі қалтада, жатын бөлмеде сақтама. Міндетті түрде телефоныңда қабы болсын. Ешқашанда жас сәбидің қолына телефонды ұстатпа. Ұялы телефонға тәуелді болма, одан басқа да қызықтар бар екенің естен шығарма.[2]
Ойымды қорыта келе, зияның біле тұра біз немқұрайлық танытпауымыз керек. Ол үшін мен төменгі ұсыныстарды жасаймын: Бұл проблема мемлекет тарапынан қолдау табу қажет, ол үшін бірқатар заңнамалар қабылдану керек. Жалпы халық, жастар арасында семинар, лекторий, дөңгелек үстелдерді өткізуді дәстүрге айналдыру. Дүниежүзілік «Ұялы телефондардың зияндылығын насихаттайтын күн» жариялау керек. Мектептерде ұялы телефонды әкелуге тиым салу. Теледидар, газет-журнал беттерінде зияндылығы жөнінде антижарнамалар, бейнеклиптер көрсету керек.
Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екенін белгілі болса бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сәйкесінше, ақпараттық технология қарыштап дамыған сайын, аталмыш бұйымдардың қауіптілігі де жоғарлай түседі. Осы ретте мамандар қарапайым қағидаларды ұстана отырып, ұялы телефоннан келетін қауіптен сақтануға болатынын айтады:[3]
Әрине, ғылым мен техниканың дамуын тоқтату қиын. Ол күн сайын қарқынды даму үстінде. Ұялы телефондарсыз бұл күнді елестету мүмкін емес. Бірақ, оның адам өміріне қаншалықты зиянды екенін ешқашан жадымыздан шығармауымыз абзал.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. «Денсаулық» журналы. №4. 14-бет. Алматы қаласы. 2008 жыл.
2. «Айқын» газетінің офицалды сайты. http:\\www.aykyn.kz .
3. Электрондық энциклопедия. http:\\www.wikipedia.kz .