Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жаһандық құзіреттілік - заман талабы

\Мен Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылы М.Жүнісов атындағы жалпы орта  білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар және жаһандық құзіреттілік факультататив курсынан сабақ беремін. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін  арттыру институтының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 26 қазан-4 қараша  аралығында «Жаһандық құзіреттіліктер» орта мектеп ұйымдарының мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы бойынша білімімді жетілдірдім.

Бұл курста барлық әдістемелік жұмыстар ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдауға бағытталған. Тренер Алина Мұратқызы қашықтықтан оқу бойынша онлайн курстың мақсатымен таныстыра отырып, қазіргі білім беру стандарттарына сай педагогикалық құзіреттіліктерін, жаңартылған білім беру  бағдарламасын, сабақтың құрылымын, әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді оқыту мен оқу тәсілдері, қысқа мерзімді жоспар, жоспарлау туралы көптеген мәліметтер кеңінен  қамти білді. Курс тақырыбы бойынша тренеріміз Алина Мұратқызының біліктілік деңгейі, баяндауы, педагогикалық шеберлігі өте жоғары екендігі бірден байқалды. Біз  жұмыс барысында тәжірибе жұмысының әртүрлі түрін таңдау арқылы топтық, ұжымдық, жеке тапсырмаларды орындадық.

Пән бойынша  пәндік аспектілерді меңгеріп, әдіс-тәсілдерді  ықшам сабақтарға сала отырып, оны топта талдадық. Ол сабақтарды  рефлексия  және талқылау  кезеңдерімен ұштастырып, білімімізді толықтырдық.Әріптестерімізбен сабақты толық талқыладық. Барлық ресурстарды сабақта қолданатын боламыз. Курста өзімізді жаңа қырынан танып ашылдық. Жаһандық құзіреттілік курсы басталғалы білім қоржынымыз молайды. Сабаққа толықтай қатысып талдап, зерттеп,бақылап отырдым. Маған ерекше ұнағаны алгоритмдік ойлау,алгаритмдік талдау,өмір қауіпсіздігі юниті аясында тақырыптар болды. Қоғамда болып жатырған зорлық-зомбылықтың алдын алу,төтенше жағдайларды ескеру,әлеуметтік,табиғи,саяси т.б тиімсіз факторлардан сақтану шараларын қаперлерімізге алып түсініктеме жұмыстарын жүргізіп отыруымыз қажет.

“Жаһандық құзыреттіліктер ”тақырыбындағы курсынан алып жатырғанымыз көп болды.Түрлі әдістер,тапсырмалар құруды, оқушыға қызықты, өміріне тікелей байланысты тақырыптарды талдау арқылы өз қоржынымызды толықтырдық деп айта аламын. Бүгінгі ақпаратты болжау,талдау және бағалау дағдыларын дамытудың әдістері мен тәсілдерімен таныстық. Болжау әдісі арқылы оқушылардың сұхбат арқылы дұрыс шешім қабылдап,сыни көзқарастарын дамыту жолында қалай жұмыстану керектігі жөнінде жақсы түсінік алып өте пайдалы білім алдық.Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

Мен осы курска қатысқаныма өте қуаныштымын.Осы орайда өз қаламымнан туындаған өлең жолдарын назарларыңызға ұсынбақшымын.

Жаһандық құзіреттілік ойға таным!
Әр тақырыпты ашуға ұмтыламын
Қызықты тапсырмалар, дәлел-дәйек,
Әдіс-тәсіл әлеміне сапарладым

Өрлеу берген білім бесігінде
7-топ шығармашыл ұстаздарым!
Білімге сусап жүрген әр ұстазға,
Сіздер берген іліммен қанаттандым!

Жетекші маман Алина Мұратқызымен
Тың дерек, жаңа ақпарды сараладым
Санамыздың саңылауын аша білсек,
Теріп алдым жемісін қазынаның
(с) Гүлбар Муфтахова

Жетекшіміз Алина Муратовнаға үлкен рахметімді айтамын.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!Жұмысыңыз жаңып еңбегіңіз еселене берсін!

БҚО, Жаңақала ауданы,Жаңақазан ауылы.М.Жүнісов атындағы ЖОББМ-де кәсіптік бағдарлаушы Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама