Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Қоғамға жақсы үлгі емес»: Дана Нұржігіт Бағдагүл емшінің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде ақтөбелік емші Бағдагүлдің даулы мәлімдемесі жұртшылықтың назарын аударды. Бұл жағдайға белгілі тележурналист Дана Нұржігіт те араласып, өзінің пікірін білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желідегі бейберекет сөздерге тосқауыл қою керек

Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде тараған емшінің сөздеріне қатысты алаңдаушылығын жеткізді. Оның айтуынша, Баян мен Динара сияқты кез келген адам осындай жағдайға тап болуы мүмкін. Журналист адамның ар-намысына нұқсан келтіретін, былапыт сөздердің жауапсыз қалмауы керектігін атап өтті.

«Желіде есіп жүрген осындай жел сөзге, адамның абыройына нұқсан келтіретін былапыт сөздерді айтуға бола ма? Мұндай әрекеттерге заң аясында баға берілуі тиіс», – деді Дана Нұржігіт.

Әріптестеріне қолдау білдірді

Дана Нұржігіт бұл әрекеттің заңға қайшы екенін айтып, әріптестері Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанға қолдау білдірді. Оның пікірінше, кез келген сыни пікір мәдениетті шеңберден шықпауы керек.

«Баян мен Динара – өз деңгейінде жұмыс істеп жатқан адамдар. Оларға баға беруге болады, бірақ олардың абыройына нұқсан келтіруге ешкімнің қақысы жоқ. Базардағы әпербаққан мінезді қою керек. Бұл – қоғамға жақсы үлгі емес», – деп қорытындылады журналист.

Айта кетейік, емші Бағдагүлдің әлеуметтік желіде тараған даулы видеосынан кейін, оның үстінен құқықтық шара қолдану мақсатында продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сәтжан сотқа арыз түсірген болатын.

Жаңалықтар

Жарнама