- 07 қыр. 2023 00:00
- 224
Ұялы телефонның зиянын білесің ба?
Ұялы телефон - қазіргі кезде адамдарды баурап, өзінен алшақ ұстауды ұнатпайтын зат десек те, артық айтқаным емес. Телефонның пайдасы мен зиянын білетін де, білмейтін адамдар жетерлік. Ендігі кезекте ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы толыққанды бөлісіп өтсем.
Ұялы телефонның пайдасы:әлемде болып жатқан жаңалықтарды, шет елдегі туысқандармен байланысуға, көруге мүнкіндік береді. Жалпы айтқанда телефон арқылы барлық затты жасауға, онлайн бір-бірімізбен сөйлесуге болады. Телефоннның адамзат баласына пайдасы орасан зор. Себебі: білімді жастар өздеріне керекті білімді жинақтап, дамып өз елімізге орасан түрде өз үлесін қосуда. Барлық әлеуметтік жағдайлар түйістіргенде телефонның адам баласына берер мүнкіндігі шексіз. Телефонды тек пайдалы деп айту, шындыққа жанаспайды. Ендігі кезекте ұялы телефонның зиянына тоқталсам.
Ұялы телефонның зияны:ең бірінші кезекті адам баласының көз жанарын, яғни көзін ауыртып, көзілдірік кигізетін дәрежеге жеткізеді. Адам денсаулығын нашарлатады, дені сау адам телефонды 2 сағат көріп отырып, бас ауруына шалдығады. Кейін адам өзін жайсыз сезініп, денсаулығы сыр бере бастайды. Бұл ұялы телефон адам баласына ауруды қолдан жасап беретіні бәрімізге мәлім Сонда да зиянын біле тұра пайдаланамыз. Әрине, бұл өкінішті жағдай ақ. Бірақ біз заманның , ақпараттық технологияларға бұл сөзімізбен кедергі жасай алмаймыз. Әлем күннен күнге үздіксіз дамуда. Солай, ұялы телефондарда жылдан жылға дамып, жаңа үлгілері адамдарға тарауда. Ұялы телефондарды ұстамау керек деп айтпаймын, бірақта өзімізге керекті және пайдалы ақпараттар алатын кезде ғана қолдансақ, өте керемет болатын еді.
Ұялы телефонның пайдасы мен зиянын білсең, қасыңдағы достарыңа ескерт. Тек пайдалы кезде қолдансын!