В дыбысы мен әрпі
Сауат ашу 1 класы
Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі. Бекіту (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: В дыбысының айтылу ерекшелігін байқату, в дыбысы бар сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту, в әріпі бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс жазуға үйрету, в дыбысы туралы алған білімдерін кеңейту.
2) Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын арттыру. Балаларды в әріпі бар сөздерді дұрыс айтуға және қатесіз жазуға машықтандыру
3) Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, өзара сыйластыққа, саналылыққа баулу, ұйымшылдық пен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, оқулық, аквариум суреті, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі қағаздар.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, ойын, жұптық жұмыс
Типі: Білім бекіту
Түрі: Саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру, дүниетану, орыс тілі
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылығын ояту.
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, біз «Ғажайып В дыбысы» әлемінде саяхаттап барамыз. Саяхатымызды велосипедпен бастаймыз.
Ал, балалар жүрелік
Асықпай ғана мінелік
Ғажайып В - ның сырларын,
Бүгінде оқып білелік.
Ал, ендеше, балалар,
Жылдамырақ жүрелік.
Бүгінгі саяхатымыздың алғашқы аялдамасы «Білгенге маржан» деп аталады.
Мұнда үйге берілген тапсырмамен танысу, білімдерін кеңейту.
Балалар ғажайыптар еліндегі тапсырманы жақсы орындадық, енді ары қарай жүріп, в дыбысы әлемінің ғажаптарының сырын ұғуға асығайық.
7) слайд
Ал, балалар жүрелік
Вагонға тез - тез мінелік
Айналып өтіп бұл жерден
Келесі елге жетелік.
- Балалар, біздің алдымыздан кездескен ел « Сиқырлы әріптер» елі деп аталады екен.
- Кәне, бұл жерде бізге қандай тапсырма беріліпті. « Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнату.
- Балалар, біз «Ғажайып В дыбысы» әлемінде саяхаттап жүрміз иә. Кешегі сабағымызда біз сиқырлы поезға бірнеше вагондарды тіркеп алып саяхатқа шыққан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда да сол саяхатымызды жалғастырамыз. Бүгін біз тағы да В әрпін әлемдегі сиқырлы вагондардың көмегімен жолда кездесетін тапсырмаларды орындайтын боламыз.
- Ал кәне, саяхатты жалғастырайық, жолға шығуға дайындалыңдар?
Кәне, вагондарға жайғасайық.
2) слайд
Ал, балалар жүрелік
Асықпай ғана мінелік
Ғажайып В - ның сырларын,
Бүгінде оқып білелік.
Ал, ендеше, балалар,
Жылдамырақ жүрелік
- Ал, балалар, сиқырлы вагонға жайғастық.
Саяхаттаған адамның алдынан небір қызық, жұмбағы көп әлемдер қақ ия. Ендеше бізді де жолымызда «Ғажайып жұмбақтар әлемі» күтіп тұр екен. Бұл жерде бізге бірнеше жұмбақтарды шешуге тура келеді, кәне, дайынбыз ба? Шешуін тапсақ қана бұл елге кіре алады екенбіз.
- Өте жақсы балалар, ендеше оқулығымызды ашалық. В әлеміндегі кезекті тапсырмамыз жұмбақты шешу керек.
Үй ішінде - бөлме,
Бөлме іші - көлде.
Түрлі ұсақ - балық,
Жүзді сайран салып.
- Шешуі не екен? - Аквариум
- Аквариум дегеніміз не, білеміз бе? Көргенбіз бе?
4) слайд Аквариум суретін көрсету.
Аквариум сөзі де орыс тілінен енген екен. Бұл сөздің қазақшасы қандай мағына береді деп ойлайсыңдар? ( оқушыларды сөйлету)
- Дұрыс. Аквариум - қолда балық өсіруге арналған су құйылған шыны ыдыс.
- Өте жақсы балалар, ал енді осы жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем құрап көрейікші.
1. Мен аквариумнен түрлі балықтарды көрдім.
2. Арман аквариумдегі балықтарға жем берді.
Аквариум сөзін буынға бөлдіре отырып, в дыбысының орнын анықтату.
- Өте жақсы балалар, аквариумнен басқа тағы қай жерлерде балықтар болады?
- Өзен, көл, су тоғандарында.
5) слайд ( өзен, көл, ағын су суреттерін көрсету)
6) слайд Океанариум суретін көрсету, бас қаланың мақтанышының бірі екенін айту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.