Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Видео сабақ дайындаған мұғалімдерге сыйақы беріледі

Төтенше жағдайға қарамастан бізге көмектесіп, видео сабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі тікелей эфирде айтты.

«Қашықтан оқуға көшкен кезде бәрі «Мұғалімдердің жалақысын көтерудің не қажеті бар? Балалар сабақты өз бетімен оқиды ғой. Сынып жетекшісіне үстемақы төлеудің не қажеті бар?» деген еді. Мен мұғалімдер өте үлкен жұмыс істеп жатқанын айтар едім. Қазіргі уақытта мұғалімдер жалақысын толық көлемде барлық үстемесімен қоса алып отыр», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ол мұғалімдердің төтенше жағдай кезіндегі жүктемелері үшін мемлекет тарапынан қандай қолдау болатынын айтты.

«Төтенше жағдайға қарамастан бізге көмектесіп, видео сабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар. Біз оларға сыйақы беру керек деп шештік. Кейбір аймақта да осындай шешім қабылданып жатқанын білемін. Министлік мұндай шешімді әрдайым қолдайды. Мұның бәрі мектеп бюджетіне байланысты шешіледі», — дейді ол.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама