Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Балаларды домбыраға қызықтыру.
1. Білімділік: Домбыра аспабының қазақ халқында алатын орны

2. Дамыту: Ән айту қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Домбыра аспабын қастерлеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Барысы: 1. Сыныпты топтастыру.
1 - топ үрмелі аспаптар
2 - топ ұрмалы аспаптар
3 - топ ішекті аспаптар
Әр топқа сұрақтар қойылады.
Үрмелі аспаптар қалай орындалады?
Ұрмалы аспаптар қалай орындалады?
Ішекті аспаптар қалай орындалады? (Балалардың жауаптары тыңдалады)
Балалар, осы аталған топтар бойынша қандай аспаптар білеміз, сол аспаптарды қағаз бетіне түсіріңдер. (Ассосация әдісі бойынша)
Жауаптарын әр топтан бір бала шығып таныстырады. Топты бағалау.
- Осы аспаптардың ішінде қай аспапты жиі көріп, пайдаланамыз?
- Домбыра
- Домбыра туралы не білеміз, не істеуге болады?
- Ән айтуға, күй тартуға балалардың жауаптары.
Күй тыңдау: Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны»
Күй қандай аспапта орындалды? Балалар жауабы домбыра.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Халықтың мақтанышына айналған домбыра.
- Ертеде қазақтың домбыра аспабы әрбір үйдің төрінде ілулі тұрған. Домбыраны кез - келген қазақ баласы ойнай білген. Көшпелі қазақ халқы домбыра аспабын жансерігі етіп, өзімен бірге тастамай алып жүрген. Көне замандарда домбыра аспабын тұтас ағаштан ойып жасаған. Оның шанағы мен көлемі әр - түрлі болған. Кейбір домбыра сопақша болып келсе, ал кейбіреуі қалақша тәрізді жасалған. Домбыраға қойдың ішегін иіріп тағатын болған. Оның мойнына пернелер таққан. Домбыраны әшекейлеп, сүйектен ою салып, сән берген. Домбыра аспабы қазақтың атақты әнші, күйші ақындарының жансерігі болған. Олар домбырамен ән салып, күй тартып, айтыс пен тартысқа түскен. Қазақтың көне замандардан қалған аңыздарында домбыра талай жанды өлімнен құтқарып өмір сыйлаған.
(Слайдта домбыра түрлерін көрсету)
Ән орындау: И. Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда»
Домбыра туралы жұмбақтар жасырайық.
Тиіп кетсе жылаған, даусы көпке ұнаған. (домбыра)
Мойнынан ұстаймын, ішінен қытықтаймын. (домбыра)
Тақтада слайд. Домбыра түрлері.
Музыка сауаты.
Қазақтың домбырасын қырғыздың қомыз, орыстың балалайка аспаптарымен салыстырып, ортақ тұстарын табу.
Қырғыз халқы домбыра тектес музыкалық аспабын қомыз деп атайды. Қомыз - қырғыз халқында домбыра тәрізді кеңінен таралған аспап. Домбыра аспабынан айырмашылығы қомыз үш ішекті және мойнына перне байланбайды.
Орыс халқының ең танымал аспабы - балалайка. Ертеде бұл аспап балаларға арналып жасалған. Көне аңыздарда бұл аспап орыстар арасына көшпелі халықтардан келген. Сондықтан оның атауы бала сөзінен шыққан екен. Көңілді мерекелерде балалайкамен ән айтып, би билеген. Слайдта қомыз, балалайка аспаптарының суреті.
Топтық жұмыс. Домбыра, қомыз, балалайка аспаптарының суреттері бар парақты үш топқа таратамыз, аспаптар туралы түсінгенін баяндайды. Топты бағалау.
Жаңа сабақты қорыту:
- Домбыра аспабы қалай жасалады?
- Домбыра аспабында кімдер ойнаған?
- Қандай әнші күйшілерді білесіңдер?
- Ән мен күй тыңдаған ұнай ма?
- Домбыра аспабына ұқсас қандай аспаптар білесіңдер?
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Әннің сөзін жаттау.
Қомыз, балалайка аспаптарының суретін салу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама