- 05 нау. 2024 00:06
- 173
Халықтық өлшем бірліктерді физика пәнінде қолдану
Физика - математика 10 күндігінде өткізген ашық сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Халықтық өлшем бірліктерді физика пәнінде қолдану»
8 - 9 сыныптар
Сабақ мақсаты. Халық тәрбиесіндегі ежелден келе жатқан байырғы өлшем бірліктерімен таныстыру.
Шәкірт бойына халқымыздың қадыр қасиетін сіңіретін ата – бабасының тыныс тіршілігінен хабардар етіп, есте сақтау, қолдана білуге үйрету.
Сабақ көрнекіліктері: Қазақша ұзындық, қалыңдық, көлем, салмақ, сыйымдылық өлшемдерін өлшеу үшін пайдаланған әдістерді бейнелейтін суреттер, метрлік, литр ыдысы.
Сабақ барысы:
Балалар бүгін біз қазақ халқы өмір сүрген дәуірде, өздерінің күнделікті тұрмыс тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану үшін ұзындықты, сыйымдылықты, қалыңдықты, салмақты қалай пайдаланғанымен танысамыз. Бұрын қазіргідей дайын құрал жабдықтар болған жоқ. Сондықтан көз, қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған. Қазақ халқы ортақ өлшеуіштерге, жалпы халық сенген және түсінген. Біз сол өлшемдерге көз жеткізуіміз керек.
Математика сабағында қандай ұзындық өлшемдерін өттіңдер атаңдаршы?
Мм, см, м, дм.
Бұрын көшпелі қазақ халқында сызғыш, метрлік құрал болған жоқ, сондықтан олар өлшем ретінде саусақтарды пайдаланған.
Қазақша ұзындық өлшемдерін былай атаған. (плакатта жазылған)
1. Елі, 4. Қарыс сүйем 7. Кере қарыс
2. Сүйем 5. Қарыс 8. Аршын
3. Сынық сүйем 6. Тұтам 9. Құлаш
10. Сала құлаш 11. Аттам

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.