Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан - жақты дамуының бірден - бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар»терминін енгізді.

Жаңашыл - педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қандыжеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл - педагогтардың педагогикалық технологиялары көптен саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Ш. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М. Монтессори технологиясы, Д. Б. Эльконин, В. В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т. б.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Бастауыш - мектеп оқушысын тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Қазіргі мектептің басты сипаты - инновациялық технологиялар болып табылады. Оқу - тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі - мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама