Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Заттың санын білдіретін сөздер
Класы 2
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы Заттың санын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Заттың санын білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, толықтыру.
1. Сөйлем ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тауып, мағынасын ашып, сұрақ қоя білу.
2. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, дұрыс сөйлеу дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке, спортпен айналысып денсаулықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кесте, сызбалар, үлестірмелі қағаздар.
Пән аралық байланыс. дүниетану, математика.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық 1 слайд
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жасұлан.
Үлгі аламыз жақсыдан.

Үй жұмысын тексеру.
Сәйкестендіру тесті: 2 слайд
- Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сөздермен байланысып тұр?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
«орнын тап» ойыны 3 слайд
Сөздерді өз орнына орналастыру.
Алма, сары, жапырақ, шықты, ала, келді, кітап, бір, жасыл, он, апарды
Заттың атын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер

Оқулықпен жұмыс
Заттың санын білдіріп тұрған сөздерді атау, сұрақ қою.
Дәптермен жұмыс
1 - жаттығу
Суреттегі заттардың санын сөзбен жазу.
2 - жаттығу
Мәтінді оқу, заттың санын білдіріп тұрған сөздерді табу, сұрақ қою.
Олимпиада туралы түсінік. 4 слайд
Жазғы Лондонда өткен олимпиада туралы ойларын толықтыру, ортаға салу.
Сандар сөйлейді. 12 слайд
Әр санға сәйкес мереке күндерін атау. (1, 6, 8, 9, 22 )
Дәптермен жұмыс. «бір» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
«алтыншы» сөзін буынға бөліп, тасымал түрін көрсету.
5 - жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңдегі есептің мәнін табу.
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашу.
1+2+2+2=7
Жалқы - біреу
егіз - екеу
қос - екеу
Сызбамен жұмыс
13 слайд
Сөйлемді сандармен толықтыру.
Ғасыр..... жыл
Жыл..... ай
Мезгіл.... жыл мезгілі
Ай.... күн
Апта... күн
Күн.... сағат
Сағат.... минут
Минут... секунд
Сөздерді белгілеп жазу.

Семантикалық карта 14 слайд
Әріптерден сандарды теріп жазу. 15 слайд
Қалонолтоғызжас
Қолекітемыңар
Жзбесотқырықмал
Умүшбирттоғызудл
Прсотызбқелустр
Бсркжүзлрмонекі

Қорытынды: Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Бағалау Оқушылар қолдарында орындаған жұмыс нәтижесі бойынша өздерін - өздері бағалайды
Үйге тапсырма: Заттың санын білдіретін сөздерді пайдаланып, өздері туралы жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама