- 05 нау. 2024 00:39
- 191
Фариза Оңғарсынова шығармалары
Тәрбие сағаты
Сыныбы: 8 сынып
Тақырыбы: Фариза Оңғарсынова шығармалары
Мақсаты: Оқушыларға ақын - жазушы Ф. Оңғарсынова туралы көптеген мағлұмат беріп, шығармаларымен таныстыру.
Көрнекілігі: слайдтар, Фариза апамыздың суреті, кітаптары.
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді өнер сүйер қауым! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз біздің мақтанышымыз, жерлесіміз, ақын - жазушы - Фариза Оңғарсыноваға арналады. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
«Жаным – дала»
Жаным – дала, көгінен бұлт арылмай,
Батпан зілдер басса да жүр тарылмай,
Шілдерлеулі көңілді зулат, жырым,
Баяғының құс қанат тұлпарындай.
Естімейді қалғыған шаққа жаным
Ұмтылыста, жүйткуде бақ, талабым.
Талма шақта талысып кетсем жырым,
Сен қақырат мәңгілік қақпаларын.
Жол – дария тұрмайды ағын ұрмай,
Жоғалма жыр, жылдарға тамырың жай.
Дәуірлердің дауылы дақ салмаған
Ата - мұра қобыздың сарынындай.
Жүрек жазбай жұптасқан ғұмырласым,
Жыр - әуезім суарған мұңым, жасым.
Ойсыздықтан өрекпіп тойғандардың
Құлағына қайғы боп ызыңдасын.
Рақат түн дырду мен дабыр қалып,
Жазылған жыр жүректің шамын жағып.
Ерлігі мен елдігі қалғығанды
Аттан салып оятсын дабыл қағып.
Дүниеден іздеумен нұрлы бесін
Талпыныстан танбаған жыр күресім.
Адамдық пен адалдық семсеріндей
Жағымпаздың ту сыртын тілгілесін.
Зула, менің жыр - күймем, шабыт жегіп,
Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп.
Жүректердің құрсауын ағыт келіп,
Зорлықтардың зардабын шеккендерге
Әділеттен сыбаға алып беріп!
Жүргізуші:
Фариза апамыздың мына бір өлеңдерінен оның жан тебіренісін байқаймыз. Оның өлеңдері өзіне мұңдас, жырлас болғаны анық. Әділеттілікті жаны сүйетін ақын жүректен жүйітки шыққан жырларын өмірдің қиыншылықтары мен зомбылықтарымен күресетін құралы ретінде пайдаланады. Бар ойын қағаз бетіне жайып салған ақын апамыздың өлеңдері терең ой, айшықты пікірді қамтыған.
Ақынның өмірбаянына көз жүгіртіп өтсек апамыз 1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педагогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.(қазіргі Ф. Оңғарсынова мектебі). 1966 - 1968 жылы Атырау облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген. 1968 - 1970 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
1970 - 1978 жылы республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.
1978 - 1996 жылы республикалық «Ақ желкен» журналының бас редакторы қызметін атқарады. 1996 жылдан бастап 2004 жыл аралығында Қазақстан Республикасының парламент депутаты.
Фариза апамыз туған ауылын әр кез есінен шығармай, ойлап жүретінін өлең жолдарында айтады. Баяғы сағымдай болып кеткен балалық шағы өткен жерін көз алдына елестетіп, бір тебіренеді. Енді алдарыңызда 8 сынып оқушысы Қариполла Жадыра «Туған ауыл» өлеңін оқып береді.
«Туған ауыл»
Мен туған ауыл - Ай мекен,
Еске алмай жүрер күнім кем.
Баяғы достар қайда екен,
Бірге ойнап бірге жүгірген?
Жатаған, ескі үй анау,
Мені алаң еткен шет жерде.
Бұл маңайлар да құдай – ау.
Қалаға айналып кеткен бе?
Жүрегім ұқсап балғаға,
Бір сезім жанды өртеді.
Жүгірген салқам сары бала
Миядан шығар сол тегі.
Бақтан ғой дедім, таныс тым
Ақсары ұяң сол бір жүз.
Талындай жалғыз қамыстың
өзім – ау ана қоңыр қыз.
Қалқалап көзін сол жаққа
Тұрар ма қарап жан анам...
Енді анау шарбақ, сол қақпа
Алаңдай базар тараған.
Ұқсамайды енді құзға түк
Баяғы шыңдай қыр - жота
Көкірегін кештің сыздатып
Боздайды бейуақ бір бота.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.