Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Тақырыбы: Зообаққа саяхат
Мақсаты:
1. Білімділік: Зообақ туралы түсінік беру, жабайы аңдармен таныстыру. Олардың тіршілігі мен ерекшелігі туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Балалардың тілін дамыту. Сұраққа толық және өз ойларын еркін жеткізуге баулу. Сөздік қорларын молайту
3. Тәрбиелік: Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар, музыка.
Барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық сәт: Сәттілік тілеу, Бүгінгі күнге мейірімді сөздер айту.
Тәрбиеші: Балалар « Хайуанаттар әлемі» атты әңгімені мұқият тыңдайық
(хрестоматия) әңгімені мәнерлеп оқу.
Балалар: Тыңдау
Тәрбиеші: - Әңгіме не туралы айтылған? - Айнұр қайда барды?
- Көкесі Айнұрға не деді? - Ал, сендер зообаққа бардыңдар ма? - Онда не көрдіңдер?
Тәрбиеші: Балалар сендер зообаққа саяхатқа шыққыларың келе ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Зообақ дегеніміз ол аңдардың бір жерге жиналған, топтастырған жері. Зообақта жабайы аңдар, құстарды кездестіруге болады.. Құстар ұшып кетпес үшін, ал жабайы аңдар қауіпті болғандықтан оларды торға қамап қояды. Зообақта аңдарды адамдар еркін бақылайды. Бұл аңдарға қарайтын, тамақтандыратын зообақта жұмысшылар бар. Зообақта қыста аңдарға ерекше көңіл бөледі. Оларға түрлі дәрумендер, көкөністер, жемістер беріледі. Кейбір аңдар суыққа шыдамсыз болғандықтан оларға арнайы жылы күртешелер тігіп кигізеді.
Тәрбиеші: Ал, ендеше барлығымыз топпен зообаққа саяхатқа шығамыз. Көздеріңді жұмып бір сәт табиғатты елестетеміз (музыка қойылады құстардың, аңдардың дауыстары) Міне зообаққада келдік.
Слайд: №1 Берілген аңдармен таныстыру, Олардың тіршілігі, қоректенуі туралы әңгімелеу.
Сергіту сәті:№2 Фонограмма арқылы зообақтағы көрген аңдардың бейнесің қимылмен келтіру.(маймыл, аю, түлкі, құстар т. б)
Слайд:№3 «Зообаққа орналастыр» ойынын ойнату. Берілген торларға сәйкес аңдарды орналастыру. Интерактивті тақтада берілген торға, аңдарды қаламның көмегімен орналастыру.
Слайд:№4 «Өз орнын тап» ойыны. Кестеде берілген суреттерді топтастыру.
Интерактивті тақтадағы суреттерді қаламның көмегімен кестеге орналастыру.
Слайд:№5 Сергіту сәті: Слайд арқылы көзге арналған жаттығулар жүргізу.
Слайд:№6 Бірнеше бөлікке бөлінген ұяшықты көріп тұрсыңдар, әртүрлі түспен берілген. Әр ұяшықта тапсырмалар берілген. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындасақ ұяшықтар ашылады. Бұл ұяшықтардың артында сурет жасырылған
Жасыл ұяшық: Жұмбақ шешу
Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Қалдырмай баласын бір елі,
Қалтасына салып – ап жүреді. (кеңгіру)
Асты тас, үсті тас,
Ортасында шандыр бас. (тасбақа)
2. Қызыл ұяшық: Жаңылтпашты жаңылмай айту
Ян - ян - ян,
Жүгіріп жүр қоян.
Ян - ян - ян,
Бұл қоян емес, шаян!
3. Көк ұяшық: Жан - жануарлар туралы білетін тақпақтар айту
4. Қоңыр ұяшық: Төлдерін ата
Аюдың баласы -? қонжық
Түйенің баласы -? бота
Қасқырдың баласы -? бөлтірік
Қоянның баласы -? көжек
Қойдың төлі -? қозы
Ешкінің төлі -? лақ
Жылқының төлі -? құлын
5. Күлгін ұяшық: Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығы неде?
6. Сары ұяшық: Зообақ деген не? Зообақта нелер болады?
Тәрбиеші: Барлық ұяшықты аштық. Қандай сурет шықты?
Балалар: Барыс
Тәрбиеші: Биыл бізге қандай жыл келеді?
Балалар: Барыс жылы
Қортынды:
Тәрбиеші: Балалар, біз ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшаң, білімді екенімізді ойын барысынды көрсеттік. Ал, сабақ барысында айтқан тақпақтарымыз, әңгімелеріміз, ойнаған ойындарымыз неге байланысты?
Балалар: Аңдарға
Тәрбиеші: Аңдарға біз қамқор болуымыз керек. Өте сирек кездесетін тіпті қызыл кітапқа енген аңдар бар.
Бағалау:
Тәрбиеші: Балалар барлықтарың сабаққа белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар! Баршамызға қоян жылы жақсылық әкелсін. Барыстың суретін тарау.
Үйге тапсырма: Зообақтағы ұнаған аңның суретін салу.
Зообаққа саяхат слайд жүктеу