Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
1-Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні 2011 жылы 10 желтоқсанда Парламент сенатының мәжілісінде «Мемлекеттік мерекелер туралы» заңнамаға қол қойылған сәттен бастап белгіленгені мәлім. Тұңғыш президент күнін атап өту әр жылы 1-желтоқсанда Н.Назарбаевтың мемлекет алдындағы  зор жетістіктерін таныту мақсатында ұйымдастырылды. Еліміздің іргетасын қалап, шекарасын анықтап, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Н.Ә. Назарбаев республиканы басқарған жылдары мемлекеттің барлық саласында зор табыстарға жеткені мәлім. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты нәтижесінде тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта жаңғырып, мемлекетіміздің Ұлттық рәміздері қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Соның ішінде ең маңызды құжаттың бірі - 1991 жылы 29 тамызда Елбасының «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлығы шыққанын айтқан жөн. Президент жарлықтарымен 1991 жылдың 25 қазанында «Қауіпсіздік кеңесі» және «Мемлекеттік қорғаныс министрлігі» құрылды. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады. Айта кетер жайт, таңдаудың бұл күнге түсуі - 1991 жылдың 1- желтоқсан күні тәуелсіз елімізде Тұнғыш Президент сайлауы өтіп, Елбасы халықтың зор сеніміне ие болып, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауыспен жеңіске жеткен болатын. Кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Н.Назарбаев -тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. 1991 жылдың 1-желтоқсаны мен 2019 жылдың 19-сәуір аралығында 28 жыл ел басқарған кеменгерлігінің арқасы деп білеміз. Елбасының қазіргі қезде «Нұр Отан» партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қызмет атқаруда. Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің өсіп-өркендеуі мен жаңғыруына зор үлес қосқан Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев тұлғасы -  тарихи феномен болары даусыз.

У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
А.А.Султанбеков Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және Табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама