Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
1- мамыр бірлік күні
1- мамыр бірлік күні
Мақсаты:
Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша он алты жылдан бері тойланып келеді. 100 - ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату - тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы зор.
1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді.
Айта өтейік, 1 мамыр халықаралық еңбекшілердің бірлік және ынтымақ күнін әлемнің 140 елі атап өтеді екен.

Қызықты ақпараттар:
Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым - қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу бүгінгі кештің ең басты мақсаты болды.
1886 жылы 1 мамырда ірі оқиға Американың Чикаго қаласында өткен еді. Жұмысшылар бұл күні әдеттегідей станок басында тұрмады. Бұрынғыдай тәулігіне 10 - 15 сағат жұмыс жасап, тар да лас лашықта тіршілік еткілері келмеді. Олар капиталистен 8 сағаттық жұмысты, әрі жалақыға үстеме қосуды, өмір тіршілігін жақсартуда талап ету үшін бәрі топтанып көшеге шықты. Жұмысшылардың талабына капиталистер оқпен жауап берді. Бұл оқиға Америка еңбекші қауымын дүр сілкіндірді. Чикаго еңбекшілерімен бір тілектес екендігін Париж, Лондон, Берлин мен Мәскеу жұмысшылары жұмыстарын тастап, қолдарына қызыл жалау ұстап көшеге шықты. 1889 жылы II интернационалдық конгресі Парижде бүкіл дүниежүзі еңбекшілерінің 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресін біріктіру мақсатында белгіледі. Ресейде бірінші рет 1891 - 1892 жылдары Петербург, Тула, Лотос және т. б. қалаларда 1 мамырға арналған көтерілістер ұйымдастырылды. 1 мамыр мерекесін Кеңес үкіметінде бірінші рет 1918 жылы Пролетариат диктатурасын орнатқан жеңімпаз топ ретінде мейрамдады. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін де Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде тәуелсіздік жарияланғаннан бастап атап өте бастады. Жыл сайын бұл мереке халықтар достығы ретінде атап өтіледі.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Еңбек ортақ, жыр ортақ.
Ортақ бізге барлығы,
Байлықтың ең үлкені — халықтар достығы.
Мамыр айы табиғаттың жайма - шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желең жамылып ерекше бір реңге енеді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі мамыр айының халықтар бірлігі күні ретінде алынуы тегіннен - тегін болуы мүмкін емес. Бұл керемет мамыражай май айын ақындар да жырлап өткен.
Көктем келді, май келді,
Шақырады көктемді.
Бізбенен қол ұстасып,
Кел бірге жүр жақсы май.
Гүл терейік тысқа шық,
Көп сағынған достым - ай.

Май келеді, май келеді,
Қып - қызыл күн дөңгеледі шығыста
Май келеді, май келеді,
Көк алаңда қоңды қызыл жалаулар.
Май келеді, май келеді,
Ерте тұрып қараңдар.

Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз

Төрт маусымда белгілі,
Көктемнің көркем екені
Ал көктемде ендігі,
Мамырға не жетеді.
1 мамыр сол көркем,
Халықтар ынтымақ күні
Табиғат сұлулығымен,
Ұштасқан халық шаттығы.

Достық жыры,
Мамырдың бірі
Достықтың күні
Халықтар үні
Тұтасқан
Ұлттардың бәрі
Жарасқан жаны
Елімнің бағы,
Құт ашқан
Жүздері жарқын,
Сүйікті халқым
Бұзбайды салтын,
Достығын.
Қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осыңдай байлықтың қызығын көру үшін бізге ауадай қажет. Қазбек би айтқандай біз қазақ достықты сақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз, - деп Қазақстанда тұратын 130 - дан астам этнос Қазбек бидің өсиетін ту етіп ұстап орындаса дегім келеді.
Баста батыр
Бақытқа байтағыңды
Халқым тағы өз сөзін айта білді
Аспан түстес
Көгілдір айшық туың
Астананың үстіне
Қайта ілінді.
Барлық ұлттың ұлысы, бар ұлыстың
Республика намысын алып ұштым
Өсиетін ұмытпай бабалардың
Қасіретін халықтың қанып іштім, - деген өлең Елбасына деген ізгі ниет, бауырлық, қимас сезімге толы мемлекетімізде істеліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы Президент Ә. Н. Назарбаевтың есімімен байланысты.
Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге, қазақтарға керек, - деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.
Бейбітшілік жасасын!
Ынтымақ жасасын!
1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні жасасын!
1941 жыл. Күздің қара суығы, Сталиндік саясаттың желеуімен үдере көшкен бір топ шешен жанұясы Қазақстанға келіп қоныстанды.
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде 130 - дан астам ұлттар тұрады. Украин, Беларус, Түрік, т. б. шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен тату - тәтті доспыз, бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Азербайжандар өз тілінде "азербайджлылар немесе азерилер" деп атаған. Қазақстанда 78295 азербайжан өкілінің халқы тұрады.

Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқан, татумыз
Биіктерге өрлейміз.
***

Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос - бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Қырғызым өлең десе елеңдеген.
Қара өлең үлкендерге мұра деген
Шығушы лауреаттар қауымына
Ырлайық та жырлайық
***
Бұралып Гөзал билегенде
Өзбектің асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар айтыңдаршы қандай пенде.
Сөз соңында,
Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О, ағайын халық емес ол кесір.
Қазақ осы аңғал - саңғал жабусыз
Қазақ осы ағыл - тегіл, көл - көсір.
Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы өнер алды тіл дейтін
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба?
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған ақын Қ. Мырзалиевтің өлең жолдарын арнағым келіп тұр.
Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулыққа, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кешіміз Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы деп білемін.

Мұнайлы ауданы,
«№7 жалпы білім беру орта мектебі»
8 сынып жетекшісі: Садыкова Г. Т.

1- мамыр бірлік күні. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама