Photo: cottonbro studio (https://www.pexels.com/@cottonbro) / Pexels
- 24 сәу. 2026 15:00
- 32
«1 миллион теңге сыйлығым бар»: Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы үндеу жасады
Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған шығармашылық байқау жариялады. Ол қатысушыларды арнайы әнге ерекше би қойып, байқауға қатысуға шақырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байқау шарттары мен сыйақы
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты байқауға қатысушылар арнайы әнге би қойып, оны продюсердің парақшасын белгілеп жариялауы керек. Байқаудың бас жүлдесі – 1 миллион теңге.
Байқау мерзімі ұзартылды
Баян Алагөзова байқаудың мерзімі тағы бір аптаға ұзартылғанын хабарлады. Сондай-ақ, үздік жұмыстардың авторына KeshYou тобымен бірге 20 жылдық концертте өнер көрсету мүмкіндігі беріледі.