Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
1 саны және цифры
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№24жалпы білім беру орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бигельдиева Айткүл Амантұрлықызы

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 1 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 1. 10 - ға дейінгі сандарға 1 - ді қосу және азайту кестесін үйрету, есептер шығару;
2. Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Мейірімділікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, сандар, әріптер, ақылды тақта.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру, әңгімелеу, тест, ойын.
Пәнаралық - байланыс: Ана тілі, Дүниетану, Дене тәрбиесі.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Психологиялық дайындық.
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламыз
Сәулесі боп сананың
Мәнінен ой табамыз.

ІІІ. Сабақты пысықтау.
Тура санау, кері санау.
Тест тапсырмасы.
1. Заттарды бір – біріне қосқанда қандай амал қолданамыз?
а) азайту
ә) қосу
2. Сандар және қосу таңбасы бар мысалды не дейміз?
а) қосынды
ә) айырма
3. Заттарды бір – бірінен азайтқанда қандай амал қолданамыз?
а) қосу
ә) азайту
4. Тура теңдікті тап.
а) 5 - 3=1
ә) 2+2=4

IV. Жаңа сабақ.
- Балалар, біз санап бастағанда бірінші қай санды атаймыз?
- 1 - ді
Олай болса санға 1 - ді қосу және азайту. Суретпен жұмыс
- Мына суреттегі жылды қай мезгіл деп ойлайсыңдар?
- Жаз
- Балалар 1 жылда неше мезгіл бар?
- 4 мезгіл
- Қане кім атап жібереді?
- Балалар жазда не болады?
- Ыстық
- Балалар суға шомылады
- Суда 1 бақа жүр, тағы 1 бақа түсті, неше болды?

1+1=2
2+1=3
3+1=4
4+1=5
5+1=6
6+1=7
7+1=8
8+1=9
9+1=10
2 - 1=1
3 - 1=2
4 - 1=3
5 - 1=4
6 - 1=5
7 - 1=6
8 - 1=7
9 - 1=8
10 - 1=9

Саннан 1 - ді азайтсаң, сан кемиді, яғни сол санның алдындағы сан шығады.
Санға 1 - ді қоссақ, сан артады, яғни сол саннан кейінгі сан шығады.

Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста
Деміңді ішке тез алда
Емін еркін тыныста
Сол қолыңды соз алға
Үшбұрыш сыз ауда
Оң қолың босқа тұрмасын
Шеңбер сызып зулатсын.

Оқулықпен жұмыс.
№1 - есеп.
1 - ге 1 - ді қосу 1+1=2 яғни 1 - ден кейінгі сан 2 шықты деген сөз.
9 - дан 1 - ді азайтсақ 8 шықты, яғни 9 - дың алдыңғы саны – 8; 9 - 1= 8

2+1=3
8 - 1=7

№3 есеп.
Ойын. «Көршісін тап»

Дәптермен жұмыс жүргізу
Сергіту сәті.
Бір аяғым оң аяқ,
Бір аяғым сол аяқ
Оң солымды үйрендім
Ажырата аламын
Тек бәтеңке кигенде
Жаңылысып қаламын.

№4 есеп. (ауызша орындалады) «Адасқан санды табу».

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Тәуелсіздік күніне жиырма жыл!

Жиырма жылдықтың жиырма жұмбағы бар.

Математикалық жұмбақ шешу.
Оқушылардан санамақ сұрау.
Сабақты қорытындылау.
- Санға 1 - ді қосқанда не болады?
- Саннан 1 - ді алғанда не болады?
Мадақтау
Үй жұмысына

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама