Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы,
№277 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Бабасова Рыскуль Нурмухамбетовна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Түрі: тарихи - танымдық сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, музыка жазылған үнтаспа

Сайыс жоспары:
Визиткалы карточка (топ аты, топ эмблемасымен таныстыру)
І кезең Өткел кезеңі /таныстыру/
ІI кезең. Самғау кезеңі.
ІІI кезең Шарықтау кезеңі.
IV кезең Шырқау кезеңі.
V кезең Қорытынды

Сайыс барысы:
Ұйымдастыру – төрт топқа бөлінген оқушылар жеке - жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.
І топ: «Рақымжан» /5а - сынып оқушылары/
ІІ топ: «Хиуаз» /5б - сынып оқушылары/
III топ «Бақтыораз»/5в - сынып оқушылары/
IV топ «Қасым» /5г - сынып/

Мұғалім: - Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де жақындап қалды. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Қазақ батырлары - халық қаһарманы» деп аталатын сыныптан тыс жұмысымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
«Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.
1 - жүргізуші: Биыл жеңістің 70 жылдығы. Мерекеге небары 30 күн қалды.
2 - жүргізуші: Бізге бейбіт сыйлаған ардагерлерге мың тағзым дейміз.
1 - жүргізуші: Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында қазақ сарбаздары үлкен ерлік көрсетті, жеңісті жақындатуға үлес қосты.
2 - жүргізуші: Олар сұрапыл соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан жанқиярлықпен, асқан ерлікпен қорғай білді.
1 - жүргізуші: Бұл соғыстың қаншама халықтар үшін, қаншама елдер үшін зарлы болғаны соншалық оның зардабы соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұмытыла қойған жоқ.
2 - жүргізуші: Өкінішке қарай жоғарыда келтірілген деректер Ұлы Отан соғысына қатысып, батыр атанған қазақ азаматтарының бізге белгілі болғандары ғана.

2 - жүргізуші: Ел қорғау жолындағы қазақ сарбаздарының ерлігі түрлі шығармаларға арқау болды, бүгінде жас ұрпақтың жадында мәңгі жатталуда.
1 - жүргізуші: Осы орайда осыдан тура 70 жыл бұрын жасалған батырларымыздың ерен ерліктері туралы айтпай кетуге болмайды. Экранға назар аударайық.

Видеоролик көрсетіледі
1 - жүргізуші: Осы батырларымызға тағзым ете отырып, бүгінгі сайысымызды батырларымызға арнаймыз.
2 - жүргізуші: Сайыскерлер осыған дейін алған Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін ортаға салады.
1 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын қара қылды қақ жарған әдіп бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы 5 сынып оқушылары:
І топ: «Рақымжан» /5а - сынып оқушылары/
ІІ топ: «Хиуаз» /5б - сынып оқушылары/
III топ «Бақтыораз»/5в - сынып оқушылары/
IV топ «Қасым» /5г - сынып/
1 - жүргізуші: Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
І кезең Өткел кезеңі /таныстыру/
ІI кезең. Самғау кезеңі.
ІІI кезең Шарықтау кезеңі.
IV кезең Шырқау кезеңі.

2 - жүргізуші: Егер бүгінгі сайысымызға қатысушы сайысшыларымыз дайын болса, сайысымызды бастайық.

І кезең Өткел кезеңі /таныстыру/
«Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық»,- деп кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
Әр топ - топтың атымен, ұранымен таныстырады.

ІI кезең. Самғау кезеңі. Бұл бөлімде әр топтың топ басшысы мына 4 түстің біреуін таңдайды. Әр топ 5 сұраққа жауап беруі керек. Әрбір дұрыс жауап 10 балмен есептеледі.
І топ сұрақтары
1. Ұлы Отан соғысы басталды /1941ж/
2. Мәскеу түбінде генерал - майор И. В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия /316 - атқыштар дивизиясы/
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны/497/
4. Рейхстагка жеңіс туын тіккен қазақстандық халық Қаһарманы / Рақымжан. Қошқарбаев/
5. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны /3, 5 мың адам/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама