Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
1-сынып: Білім туралы тақпақтар жинағы

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.

 

Тақырыбы: Біз оқушы атандық
Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым.
Аяулы ата — аналар, қонақтар. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер, бүгін бойларында жауапкершілік пайда болып, 1 сынып оқушысы атанды.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін таратын баршаға
Шын пейлмен құрметімізді көрсетіп
1 «А»», 1 «Б», 1 «В»сынып Бүлдіршіндерін шақырайық ортаға
І. Кіру сәті — музыкамен 1 «А», 1 «Б», 1 «В» оқушылары кіреді
Үш тілде амандасады

 

ІІ. «Біз оқушы атандық» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп директорының бастауыш жөніндегі орынбасары Қали Раушан Досымқызына беріледі

ІІІ. Оқушыларға кезек беріледі:
1 Жүргізуші: Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат — іздеген мұратыма
2 — Жүргізуші:
Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
Тәуелсіз елімнің 25 жыл толу қарсаңында.
1 — 2 жүргізуші қосылып бірге: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Ән: « Мектебім» Көпжасарова Еркеназ
1 — оқушы: Мансұр (1а)
Армысыз, алғашқы ұстазым
Қуанышты бүгін күн
Биыл мектепке мен бардым
Алғашқы сыныпта
Тұңғыш білім аламын
2 — оқушы Нұрайым (1а)
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата — ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
3 — оқушы Адина (1а)
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
4 — оқушы: Диас (1в)
Армысың, мектеп ар — бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
5 — оқушы: Нұржігіт (1а)
Алақай — ау, алақай!
Алақай — ау, алақай!
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай «балақай»
Осыдын да көлемді
Оқи алам өлеңді
6 — оқушы: Түгел (1 б)
7 – оқушы: Ердиас(1 б)
Ән: «Әсем ән» орындайтын Саматұлы Бейбарыс және бір топ бишілер
Ойын: Оқушымен.
Балалар «Кім мектепке тез жиналады» ойынын ойнап жіберейік.
Ойын шарты: Ортаға екі стол қойылады, үстіне оқу құралдарымен араластырып заттар қойылады. Екі бала шығады. Портфельге заттардың арасынан іріктеп оқу құралдарын жинап салу керек. Бірінші біткен бала жеңімпаз атанады.
8 — оқушы Азамат (1б)
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.
9 — оқушы Ілияс (1 в)
10 — оқушы Алдияр (1б)
Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді жазамыз
11 — оқушы: Бекнұр (1б)
12 — оқушы Аягөз (1б)
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
13 — оқушы: Бексұлтан (1 в)
Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат — іздеген мұратыма
14 — оқушы: Али (1 а)
Мектеп — білім ордасы,
Мектеп — қамқор анашым.
Оқып білім алып,
Мен оқушы атандым
1. Ойын ата – анамен: «Балаңыздың сабақ кестесін айтыңыз»
2.«Менің отбасым» жобалау әдістемесі
Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?
Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша тартыңыз?
15 — оқушы Асылхан (1а)
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені
17 — оқушы Аида (1а)
Мектеп — үлкен бағдаршам. 42
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
18 — оқушы Жақсыбек (1 в)
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла — ай.

 

 

 

​ 1-қыркүйекке арналған тақпақтар:

1)​ ​ ​ ​ ​ «Білім күні» құтты болсын,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Баршаңызға​ бүгінгі.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Оқушылар жақсы оқып,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бола берсін білімді!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ Ұстаздарға алғыс айтам,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қабыл алған біздерді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жақсы оқып әлі талай,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ Әкелерміз жүлдені!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
2)​ ​ ​ ​ ​ ​ Мектепке келдім гүл алып,
​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Таныстым Ұстаз-Анаммен.
​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Үздік оқып үнемі,
​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қуантам жақсы бағамен!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Әліппені де тез жаттап,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Есепті жылдам шығарып.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Танытқым келеді АйСафты,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жарыстан ылғи жүлде алып!

3)​ ​ ​ ​ ​ Мектепке келдім анаммен,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Оқушы болдым, алақай!»
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тәртіпті,​ таза жүретін,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Боламын жақсы балақай.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Әріпті түгел танимын,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қорықпаймын қосып оқудан.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «АйСаффен» бірге алдымда,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жетістік мені тосуда!

4)​ ​ ​ ​ ​ Мен бақытты баламын,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мектепте білім аламын.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бар ынтаммен жақсы оқып,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тек жұлдызша аламын!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ұстазымды сыйламын,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Айтқанын екі қылмаймын.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Зейін қойып, ынтамен,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Білімнің нәрін жинаймын!

​ 5)​ ​ ​ ​ Жақсы көрем мектепті,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ Мұнда дейді көңілді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ Енді осында бақытты,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ Сүрем он жыл өмірді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ Ұстазым да жақсы адам,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Достар таптым жаңадан.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мектеп деген жақсы екен,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Көп адам жоқ баладан.

6)​ ​​ ​​ Іш пыспайды мектепте,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Оқимыз да жазамыз.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қол ұстасып ұстазбен,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Болашаққа барамыз.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бастауышты біткенше,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Екінші анам — ұстазым.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мейірімді сол жанға,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Келеді менің ұқсағым!

7)​ ​ ​​ Мектеп бізге екінші үй,
​ ​ ​ ​ ​ ​ Болады деп сенемін.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Ғылым толы бұл үйден,
​ ​ ​ ​ ​ ​ Білім дәнін теремін.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Ұялмаймын сұраудан,
​ ​ ​ ​ ​ ​ Бәрін білгім келеді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ «АйСаф» маған ең үздік,
​ ​ ​ ​ ​ ​ Тәрбиені береді.

8)​ ​ Құтты болсын «Білім күн»,
​ ​ ​ ​ ​ ​ Құт болсын жаңа оқу жыл.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Оқушылар көп болсын,
​ ​ ​ ​ ​ ​ Кіл үздікке оқитын!

​ ​ ​ ​ ​ ​ Намысын бермей мектептің,
​ ​ ​ ​ ​ ​ Озайық небір жарыстан.
​ ​ ​ ​ ​ ​ «АйСафта білім жақсы»-деп,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Атағы кетсін алысқа!
​ ​ ​ ​ ​
9) Атанып бүгін оқушы,
Көңілге толды қуаныш.
Үлгілі болып,​ жақсы оқып,
Естісем деймін көп алғыс.

Бар менің қағаз-қаламым,
«АйСаф» деп жаза аламын.
Әпкелердей жақсы оқып,
Алтыннан медаль тағамын!

10) Ұстаздың сөзін тыңдайтын,
​ ​ ​ ​ Үлкендерді сыйлайтын.
​ ​ ​ ​ Оқушы болам ең үздік,
​ ​ ​ ​ Білімнің нәрін жинайтын!

11) Ақ бантик тағып шашыма,
Арқама портфель асына.
Мектепке кетіп барамын,
Білімге қарай асыға!

Ұстазым онда бар менің,
Үйретер әліппе әлемін.
Тәлімнің болған бастауы,
Мұғалім қандай әдемі.

12) Үлгілі шәкірт боламыз,
Білімге ашық санамыз.
Қуандырып баршаны,
Кілең бестік аламыз!

13) Айша апайға мың алғыс,
​ ​ ​ ​ Мектеп ашқан осындай.
​ ​ ​ ​ Орамалмен қанша қыз,
​ ​ ​ ​ Білім ап жүр тосылмай.

14) Абыройың асқақтап,
​ ​ ​ Даңқың артсын мектебім.
​ ​ ​ Өзіңменен он бір жыл,
​ ​ ​ Өтсе екен жастық көктемім.

 

 

 




Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Білім керек әрқашан,
Өмір бой бәріне.
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар,
Білім керек бәріне.

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!

Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя - мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – анам мектебім

Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтаны болыңдар,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың


Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен..

Отанның біз ұл - қызы
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын - жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.

Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына


Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Мектебің мынау, классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың...

Соқ, соқ қоңырау
Сыңғырлайды қоңырау
Сылдырлайды қоңырау
Сыңғырлайды, сылдырлайды алғашқы
қоңырау!

Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.

Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде - бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама