Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
1 сыныптар үшін кітапханамен таныстыру сабағы
Кітап құрылымы (слайд)
1 сыныптар үшін кітапханамен таныстыру сабағы
Мақсаты: Оқушылардың кітап құрылымы жайлы білімін қалыптастыру
Жұмбақты шеш
Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
(Кітапхана)

Кітап - білім бұлағы
Абонемент – кітапты үйге беретін орын

Кітап қайтару уақыты:
• Бір балаға бір кітаптан артық берілмейді
• Қайтару мерзімі 15 күн
• Егер ерте оқып болған жағдайда кітапханаға қайтаруға болады
• Егер алған кітаптың жыртылған жері болса желімдеп жөндеп тапсыруларыңызды өтініп сұраймыз
Оқырмандар залы - үйге берілмейтін анықтамалық әдебиеттер, сөздіктермен жұмыс және газет - журналдар оқитын орын

Оқырмандар залында өзін қалай ұстау керек:
• Тыныштық сақтау, себебі шу басқа оқырмандарға бөгет болуы мүмкін;
• Алған анықтама, сөздікті тиянақты ұстау;
• Журналдағы ертегі болмаса әңгімені оқып үлгермесең келесі күні келіп жалғастыруға болады;
• Оқырмандар залы кітаптарын үйге алып кетуге болмайды;
• Саналы түрде кітапты бүлдірген оқушы кітапхана оқырманы болу құқығынан айрылады.

Кітап дегеніміз не??- Баспадан түптеліп шығарылған мәдени рухани қазына.
Кітапша??- көлемі жұқа, шағын кітап.
Кітапқұмар деп кімді айтамыз??- Кітапты көп оқитын, кітапты сүйетін адам.
Кітапхана дегеніміз не??- Көпшілік тұтынуына керекті кітаптар сақталып тұратын үй.
Кітапханашы дегеніміз кім??- Кітапхана қызметкері.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама